Еуропа: Ұрпағы жоқ ұлт лидерлері
Еуропалық лидерлердің көбісінде бала жоқ. Мұның себебі неде?
Ангела Меркель, Эммануэль Макрон, Тереза Мэй үшеуін не байланыстыратынын білесіз бе? Иә, ең алдымен үш басшының да фамилиясының бас әрпі М-дан басталады. Үшеуі де Еуропадағы ірі мемлекеттерді басқарады. Бұдан өзге?
Үш басшының да артынан қалар, ізін жалғастырар ұрпағы жоқ. Бұл ушеуі ұрпақсыз басшылардан жалғыз емес, Голландия лидері Марк Рютте, итальяндық Паоло Джентилони, швейцариялыық Симонетта Соммаруга, швециялық Стефан Левен, Люксембург басшысы Ксавье Беттель, шотландиялық Николя Стуржеон әрі Еурокомиссия басшысы Жан-Клод Юнкер де атамлыш тізімге кіреді.
Бәрінің бірдей балалы болмауының астарында бір мән жатуы мүмкін бе әлде кездейсоқтық па?
Халықаралық каббалистика академиясының негізін қалаушы Михаэель Лайтманның сөзінше, ондай адамдар болашақты ойламайды, тек бүгінгі күнмен өмір сүреді. Қолындағы билік оларға жеткілікті.
«Қолында кішкентай сәбиі бар әйелді көз алдыңызға елестетіп көріңізші? Ана үшін сәбиінен артық ештеңе жоқ. Сәбиін аман-есен өсіріп-жетілдіру үшін қолынан келгенінің бәрін істейді. Тек сәбиінің жағдайы жақсы болса екен дейді. Себебі сәбиі – оның бүкіл әлемі, болашағы. Ал мемлекеттің басында отырған мына адамдардың әлемге, болашаққа деген сезімдері жоқ. Тербетіп отырған балалары жоқ. Масқара!», — деді Михаэль Лайтман.
Айтуынша, әлемді кімнің басқарып отырғаны белгісіз.
«Билік басына баласы жоқ адамдар келеді де, халық үшін шешім қабылдайды. Еуропаның бүгінгі жағдайына қараңыздаршы? Өз шаңырағын мигранттарға қалай бере салуға болады?».
Михаэль Лайтманның ойынша, басшылар өз ұясын сезіне алмайды, себебі онда жылулық жоқ.
«Олар өздерін ғана жақсы сезінеді, ал басқаны ойламайды. Олардың балалары жоқ, сол себепті ертеңгі күнге алаңдамайды. Тораға сәйкес, отбасы мен баласы жоқ адам әлемді басқара алмайды, ақылды болып та жаратпайды. Ондайлар әлемді сезінбейді», — деп Лайтман журналистерге сұхбат берген еді.
Еуропада ЕО өзі қаржыландырған зерттеу баяндамасы жарық көрген. Тақырыбы – «Балаң болмаса, мәселеде жоқ!». Сол себепті Еуропада балалы болмау дегенге үреймен қарамайды.
Сарапшылардың дерегінше, Ангела Меркельдің балалы болмауы қалыпты, бұл да өзі басқарып отырған елдің бір көрінісі.
Неміс әйелдерінің көбі дерлік бала тумауды жөн санапты. Әрі олардың 40 пайызы жоғары білім алғандар. Қорғаныс министрі Урсула фон дер Ляйеннің мәлімдеуінше, егер туу өсімі байқалмаса, Германия түбінде жойылады.
Institut National d’Études Demographiques жүргізген зертетуге сәйкес, 1970 жылғы еуропалық әйелдердің төрттен бір бөлігі баласыз қалып кетуі мүмкін.
Тереза Мэйдің Англиясының да кейпі осыған ұқсайды.
Ұлттың өсуі үшін әр әйелде кемінде 2 баладан болуы шарт. Алайда Еуропаның бұл көрсеткішке қол жеткізуі екіталай.
Егер осылай жалғасатын болса, БҰҰ дерегіне сәйкес, алдағы 40 жылда Еуропа халқы 100 миллион адамға азаяды. Бір Германияның өзінде халық саны 20 миллионға кемиді.