Астананың аязында жартылай жалаңаш жүгірген марафоншы елді таңғалдырды

0

Қазақстанның елордасында спортшыларға қашықтықты жүгіріп өтуге аяз кедергі болмады

Астанада ІІ қысқы марафонға нағыз батыл жандар жиналды. 25 градус аязға қарамастан, бір жарым мыңнан астам желаяқ 5, 10 және 21 км қашықтықты  еңсерді.

Қысқы жүгіру «Шексіз мүмкіндік» деген ұранмен өтті. Қатысушылардың арасынан іс-шараның ұранын растайтын батыл спортшылар да табылды.

Шорты киген марафоншының фотосуреті/әлеуметтік желідегі суреттің скриншоты
Шорты киген марафоншының фотосуреті/әлеуметтік желідегі суреттің скриншоты

Марафоншылардың бірі жүгіруге шорты, кроссовка және қалпақ қана киіп келіпті. Ер адамның фотосуреті әлеуметтік желілерде жылдам таралып кетіп, желі қолданушыларының таңданысын туғызды.

Елордалық жүгірушілерден бөлек, қысқы марафонға Ресей, Украина және Қазақстанның басқа қалаларынан 300-ден астам адам қатысты.