Көкшетауда автокөлік аударылып қалды

0

2018 жылғы 22 желтоқсан 01:15 317

Көкшетауда автокөлік аударылып қалды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Көкшетауда болған жол апатынан ав токөлік аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның дерегі бойынша, жол апаты Абай жəне Алтынсарин көшелерінің қиылысында болған. Алтынсарин көшесінің бойымен Əуезов көшесіне қарай жүріп келе жатқан «Honda» көлігі қарсы бағытта Абай көшесіне бұрылғалы тұрған «Toyota» көлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан «Honda» көлігі аударылып қалған.

«Жол апатына байланысты «Honda» көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ƏҚбК 610 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», деп түсіндірді ПД баспасөз қызметі.

Жол апатынан зардап шеккендер жоқ. Тек көліктерге зиян келді.

Осыған дейін Ақмола облысындағы Аршалы мектебіне Жұмабек Тəшеновтің есімі берілгендігін жаздық.

 

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz