Нижат Рақымов Катарда медаль жеңіп алды

0
Спорт

Қысқа сілтеме алу

616 0 0

Олимпиада чемпионы Нижат Рақымов Олимпиаданың лицензиялық турнирінде 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетті

АСТАНА, 22 желтоқсан — Sputnik. Қазақстан Катарда өтіп жатқан турнирде ауыр атлетикадан қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы. 

Екі жыл бұрын Рио Олимпиадасында алтын алған Нижат Рақымов 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік беретін лицензиялық жарыста үшінші орын иеленді. 


©
Foto : Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы

Нижат Рақымов

Бұдан бөлек, 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық спортшы екі «шағын» медаль – жұлқа көтеруден күміс және серпе көтеруден қола алды. Сондай-ақ, серпе көтеруден Айдар Қазов пен Карина Горичева қола медальге қол жеткізді. 

Ауыр атлетикадан біріншілік Дохада 19-23 желтоқсан аралығында өтіп жатыр. Ол тек олимпиадалық салмақ дәрежелері бойында өтуде. Қазақстаннан жарысқа ұлттық құраманың тоғыз спортшысы аттанды. Бұған дейін 61 келіге дейінгі салмақта Игорь Сон күміс жеңіп алған болатын. 

Сенбі жарысқа ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин шығуы тиіс еді. Бірақ маңызды турнир қазақстандық спортшының қатысуынсыз өтті. 


Дереккөз: https://sputniknews.kz/