Илья Ильин Катар кубогында өз қылығымен жанкүйерлерін жерге қаратты

0

2018 жылғы 22 желтоқсан 16:00 4406

Илья Ильин Катар кубогында өз қылығымен жанкүйерлерін жерге қаратты

ДОХА. ҚазАқпарат — Катардың Доха қаласында «Катар кубогы» халықаралық турнирі өтіп жатыр. Бұл 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиадаға квалификация беретін екінші лицензиялық турнир саналады, деп хабарлайды Sports.kz.

Турнирге олипиадалық салмақ дәрежесіндегі спортшылар ғана қатыса алады. 

Бүгін 109 келіге дейінгі салмақтағы спортшылар сынға түсіп жатыр. Онда Қазақстан атынан әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин бақ сынауда. Отандасымыз барлық қатысушылар арасындағы ең үлкен салмаққа тапсырыс бергенімен, өзі тұғырға көтерілген жоқ. Ауыр атлеттің неге бұлай істегенін ешкім білмейді.

Ильин жұлқа көтеруде 180 келіні көтерем деген, бұл — қарсыластар ішіндегі ең ауыр салмақ, ал серпе көтеруде 215 келі деп көрсетті. Украиналық Дмитрий Чумак та осы салмаққа тапсырыс берген болатын. 

 

 

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz