Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды
Бұрынғы ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев сотқа дейінгі тергеу кезеңінде қамауға алынды.
Ақпаратты ҚР Бас прокуратурасы растады.
«Астана қаласының мамандандырылған тергеу соты 2024 жылғы 30 Сәуірде ішкі істер экс-министрі Е. З. Тұрғымбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді», — деп хабарлады ведомстводан.
фото: ҚР ІІМ