Зиянды әрекеттер, өтірік айтпау, балмұздақ, Ермек Өтетілеуұлы
Сабақтың мақсаты:
1) Әңгімені түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету. Әңгіме мазмұны бойынша түсіндіруге, берілген негізге сүйеніп жіктеуге, тірек сөздер бойынша әңгіме құрап үйрену.
2) Ой — өрісін, сөйлеу қабілетін дамытып, сөздік қорын молайту.
3) Біреудің затын алуға, зиянды әрекеттерден аулақ болуға, өтірік айтпауға тәрбиелеу
Технология: Сын тұрғысынан ойлау және жазу, дамыта оқыту
Стратегия: Ассосация, Жигсо — 1, жуан — жіңішке сұрақтар, венн диаграммасы.
Керекті құралдар: суреттер, оқулықтар, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру.
1. Балаларды түгендеу
Амансың ба алтын күн!
Амансың ба көк аспан.
Амансың ба достарым,
Сабағымызды бастайық,
Жамандықты бастайық!
2. Үй тапсырмасын сұрау
Бағалау парағын тарату, бағалау мақсатын түсіндіру
Үй тапсырмасын қос жазба күнделігі арқылы сұрау
«Әскербектің әтеші»
2. 1 — топ Әскербекке хат, 2 — топ Әскербекке мінездеме жазу
3. Семантикалық карта мен жұмыс
II Негізгі бөлім. Қызығушылықты ояту
1. Жұмбақты шешу:
Ұнатары баланың —
Балдай тәтті тағаммын.
Ортаңғы буын алынса,
Сүйеніш боп қаламын. (Балмұздақ)
Балақай, Мирас балмұздақтан неліктен бас тартқанын, мүмкін сен айтарсың….
Мағынаны ашу
— Менің қолымда не?
— Ақша
— Ақша адамға қалай келеді?
3. Жақсы балалар енді біз сендермен бүгін Е. Өтетілеуовтың «Балмұздақ» әңгімесімен танысамыз.
Ермек Өтетілеуов – 1938 жылы 1 қаңтарда қазіргі Астана қаласында туған. 1957 жылы алматыдағы Абай атындағы педагогтік институттың филология факультетіне түсіп, кейін орыс тілі мен әдебиеті мамандығын алып шығады. Ол «Шамшырақ нұры», «Балдырған», «Жазушы», «Жалын» баспасында редактор болып қызмет атқарады. «Өсіп келе жатырмыз» өлеңдер жинағы «Жанашыр» атты әңгімелер жинағы т. б. кітаптары бар
4. Әңгімені мәнерлеп оқып беремін.
5. Әңгімені тізбектей оқып мағынасын түсіндіру.
Сұрақ – жауап:
1. Балалар не тауып алды?
2. Мирас не істеді?
3. Мирас балмұздақ жеуден неге бас тартты?
4. Егер сен біреудің ақшасын тауып алсаң не істер едің?
Ой қозғау
Әңгімені өз ойыңмен аяқта. Мирастың балмұздақтан неліктен безгенін, мүмкін, сен айтарсың?…
Сергіту жаттығуы (Қаражорға биі)
Топтық тапсырма. (Жазба жұмысы)
I топ Мирасқа хат жаз.
II топ Мираспен Алмасты салыстыр
Ақшаны сипаттау
Шығармашылық тапсырма
I Мирастың көңіл күйін суретте
II Әңгімеден балалардың Мирастың іс әрекетіне таң қалған жерін тауып оқыңдар
6. Сабақты бекіту
Әңгіменің басында
Жексенбі күні. Балабақшаға бірге баратын балалар аулада ойнап жүр еді. Бір кезде бұлардың қасынан сөмке ұстаған бір ағай өтіп бара жатты. Қалтасынан көк қағаздар түсіп қалды……
Әңгіменің ортасында
Балалар қағаздарды теріп алып ағайға қайтарып берді. Мирас бұл кезде үйіне қайтып кеткен.
Ағай қайтып келіп баларға алғысын білдірді. Оларға балмұздақ сатып әперді.
Әңгіменің соңында
Кезек Мирасқа келді. Ол: балмұздақтан бас тартты.
Өйткені ол тауып алған көк қағаздарды иесіне қайтармап еді. Ол бұл ісіне қатты ұялды.
III Қорытынды: 1. Үйге тапсырма: 1топ — Эссе жазып келу
2 топ – Балмұздаққа қатысты шағын өлең жолдарын құрастыру
2. Бағалау, мадақтау.
Балмұздақ. Ермек Өтетілеуұлы жүктеу
Дереккөз: http://bilimdiler.kz/