Мереке күндері астаналық автобустар күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді

0

2018 жылғы 14 желтоқсан 00:27 96

Мереке күндері астаналық автобустар күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді

АСТАНА. ҚазАқпарат — Мереке күндері қоғамдық көліктің көп қолданылатын бағдарлары күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді. Автобустардың интервалы 15-тен 10 минутқа дейін азаяды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Биыл қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне орай 4 күн демалады. Елорда тұрғындары ойын-сауық орындарына қатынауы үшін қалалық қоғамдық көліктің 20-дан астам бағдары күшейтілген тәртіпте жұмыс істемек. Автобустардың саны көбейеді. Аталған бағдарларда интервал 15-тен 10 минутқа дейін азаяды», — деп мәлімдеді «Астана LRT» ЖШС баспасөз қызметі.

Осылайша, қысқартылған интервалмен келесі қалалық бағдарлар қатынайтын болады: № 2, 3, 4, 7, 8, 10, 12, 17, 18, 19, 22, 24, 33, 37, 39, 40, 47, 48, 51 , 70, 71. 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz