Алматының медициналық мекемелерінде жүз мыңнан астам заң бұзушылықтар анықталды
Алматы қаласы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры филиалының директоры Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, 2022 жылдың 11 айында медициналық ұйымдарда 1 млрд теңгеге жуық сомаға 100 мыңнан астам ақау анықталған.
Бұл жағдайда біз емдеу-диагностикалық шаралардың стандарттары, қызметтердің негізсіз қымбаттауы және қызмет көрсетудің расталмаған фактілері туралы айтып отырмыз. Көбінесе ақаулар алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда тіркеледі.
«Осы бөлімде өткен жылы Қор филиалы 117 млн теңгеден астам сомаға 93 мың ақауды анықтады. Сегіз мыңға жуық заң бұзушылық стационарлық және стационарды алмастыратын орындарда болнан. Осы бұзушылықтар бойынша 880 млн теңге айыппұл салынды», — деді Әбілдаев РСК брифингінде.
Ақпарат: http://t.me/zakonkz
Фото: ecolusspb.ru