«Депутаттыққа жігерлі жастар келеді деп сенемін» — Өмірзақ Озғанбаев

0

Бүгін «Amanat» партиясы республикалық  сайлауалды штабының мүшесі, қоғам қайраткері, Маңғыстаудың Құрметті азаматы Өмірзақ Озғанбаев, «Amanat» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төраға орынбасары Мұхамбет Жайлыбаев, Маңғыстау облыстық мәслихатына кандидаттар Анар Шамшединова, Людмила Меңдіғалиева, Ирина Беляева, Джанбулат Тангиев, Марат Сауғабаев, Бердіқожа Боранбаев «Ақжол Құрылыс» ЖШС  еңбек ұжымымен жүздесті.

Өңірдегі көшбасшы құрылыс компания қызметкерлерімен кездесуде «Amanat» партиясы республикалық  сайлауалды штабының мүшесі Өмірзақ Озғанбаев былтырдан бері басталған саяси реформаларға тоқталып, алдағы мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлаудың артықшылықтары туралы айтты.

«Мәжілістің сайлауы туралы бірнеше мәселе айтайын. Биыл жаңа форматта өткелі жатыр. Көптеген өзгерістер бар. Мәжіліс депутатының саны азайды. Қазір 98 депутат сайланады. Сол 98 депутаттың 29-ы бірмандатты можаритарлы жүйемен сайлаудан өтеді. Ал қалғандары партияның тізімімен өтеді», — деді Өмірзақ Озғанбайұлы.

Сондай-ақ қоғам қайраткері «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, маңызды бөліктеріне тоқталды.

«Бүгінгі таңда ауылда қазақтың 40 пайызы тұрады. Сол ауылды көтермесек, қазақтың бесігін көтермесек, біздің жағдайымыз қиын болады. Ауыл не? Ауыл – тамақ, егін, мал шаруашылығы. Қалада отырған халықтың бәріне осындай азық-түлікті жеткізетін мүмкіндік. Әрине, ауылды жаңаша жақтандыру керек. Ауылға ең өнімді техникалар келуі керек. Еуропада, Америкадағы бар техниканы әкелуге талап қылу керек. Солайша жаңаша жақтанған ауыл – елдің көптеген мәселесін шешеді», — деді Омірзақ Озғанбаев.

Сондай-ақ штаб мүшесі мәжіліс және мәслихат депутаттығына жігерлі, білімді жастардың келеріне сенім білдірді. Құрылыс компаниясының өкілдері сайлауға және партияның сайлауалды бағдарламасына қатысты сұрақтарын қойып, қызу талқылады.

Еңбек адамдарымен кездесуге келген Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Ирина Беляева 19 наурызда саулауға белсенді қатысуға, өз таңдауларын саналы жасауға үндеді.

Тапсырыс беруші: Н.Қарасаев.

Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.