Ең үлкен идеология ақпарат десек, одан кейінгі кино — Жарас Кемелжан

0

Alash.kz сайтының қосымша электронды поштасы бар, соған Дана Нұржанқызы деген өнертанушы хат жолдапты. «Алас»деген фильм туралы жазған.

Фильм деп ауыз толтырып айту қиын. Тілі шұбар: біресе қазақша, біресе орысша араластырып сөйлейтін қазақ өнерінің ескі дерті.
18+ деген таңба басыпты картинаның шекесіне. Техникалық жағынан мінсіз. Бірақ фильмнің идеясы қазақ табиғатына жат, ұлттық менталитетке кереғар суррагат ана туралы. Қазақша айтсақ «құрсақ ана» ғой.

Ондай идеологияны қоғамға насихаттау қаншалық орынды? Ютубқа салынған фильмді біраз адам көріп пікір жазған. Онсыз да ойы орнықпаған, оң-солын танып үлгермеген ұрпаққа қиянат емес пе?

Айтпақшы, картинаның идея авторы, продюссері Ажар Тайжан деп тұр.

Жарас Кемелжан

Автордың пікірі редакцияның ұстанымын білдірмейді!