2023 жылдан бастап мектептердегі соңғы қоңырау 1 маусымда соғылады
2023 жылы еліміздің оқушылары Халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар соңғы қоңырауды 1 маусымда атап өтеді.
«Қазақстандық мектептердегі оқу жылының ұзақтығы 36 аптаны құрайды. Дәстүр бойынша, бәрімізге белгілі, оқу жылы 1 қыркүйектен басталады. Осы жылдан бастап оқу жылы 31 мамырда аяқталады. 31 мамыр — оқу күні, сабақтардан басқа, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сыныптан тыс іс-шаралар өткізіледі. 1 маусымда балалар жазғы демалысқа ресми түрде шығады. Бұл күн Халықаралық балаларды қорғау күні болып табылады. Осы мерекемен қатар соңғы қоңырау мерекелері өткізіледі», — деді орта білім Комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.
Бұған дейін депутат Аманжол Алтай 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні болып жариялануына байланысты мектептерде соңғы қоңырау өткізу күнін ауыстыруды сұраған болатын.
Ақпарат: http://Zakon.kz
фото: Бату Хасикова телеграм арнасы