Домой Жаңалықтар Қаза тапқан сарбаздың денесінен шәует табылғанын хабарлаған адвокатқа айып тағылды

Қаза тапқан сарбаздың денесінен шәует табылғанын хабарлаған адвокатқа айып тағылды

0
34

20 қаңтарда қылмыстық іс бойынша сержант Пралиевтің адвокаты мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің өз-өзіне қол жұмсауы туралы баспасөз мәслихатын өткізді. Дәл сол жерде ол үш сот-медициналық сараптама жүргізілгенін хабарлады – біреуі Таразда, екеуі Алматыда. Қайтыс болған адамның ауыз қуысында және киімінде өзіне тиесілі емес ерлер биоматериалдары тапбылғаны белгілі болды. Сонымен қатар, ПРАЛИЕВТІҢ ДНҚ-сы табылмады.

«Адвокат қылмыстық істің деректерін жария етіп, шындыққа сәйкес келмейтін өз тұжырымдарымен және жалған хабарламалармен толықтырды. Сонымен қатар ҚІЖК — нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмеуі тиіс», — делінген ҚР ІІМ хабарламасында.

Қылмыстық қудалау органдары адвокатты кәсіби этика нормаларын бұзды деп айыптайды және қызметтік тергеу жүргізуді сұрайды. Өтініш ҚР Әділет министрлігіне жолданды.

Ақпарат: http://t.me/orda_kz

Фото: tengrinews.kz, Алихан Сариев