Аргентиналық жанкүйер туға тұншығып көз жұмды
Аргентина құрамасының жанкүйері халықтық серуен кезінде көз жұмды. Британдық Dally Mail басылымы мәлім етіне қарағанда, ел құрамасының жеңісіне байланысты мерекелік серуен кезінде жанкүйер иығына асып алған Аргентина ұлттық туына тұншығып қайтқан.
Оқиға Буэнос-Айрес провинциясының Баия-Бланка қаласында болған. Марқұм Себастьян Оскар Масиэль 22 жаста. Ол өзінің мотоциклімен жүргенде, тудың бір бөлігі дөңгелектің астына түскен. Соның салдарынан жас жігіт тұншығып қайтқан.
Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.
Бүгін Аргентина құрамасы еліне оралды. Оларды жанкүйерлер салтанатты отшашумен қарсы алды. Футболшылар мінген автобус Буэнос-Айрес көшелерімен жүріп өтпекші.
Аргентина футболшыларының алтын жүлдесін бүкіл ел тойлап жатыр.