Ағайынды екі жігіттің айтқанына сеніп, Q-NET-ке кіргендердің өмірлері быт-шыт болды
Facebook желісіндегі өз парақшасына Арайлым Рахымберді есімді оқырман күтпеген жазба жариялаған деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі. Жазбада Жамбыл облысы әкімінің жастар ісітері жөніндегі кеңестің құрамына желілік маркетинг арқылы студенттерді алдаған екі адамның фамилиясын көрсеткен. Жазбаның толық нұсқасы:
«Біздің студент күнімізде Q-NET деген лохотронның кесірінен біраз потоктағы студент оқуынан шығып, қарызға әбден батып ауылдарына қайтқан. Оқу да, шоқу да жоқ болып, қара жұмыс істеуге мәжбүр болды.
Ондаған жыл өте келе, Q-NET ке елді алдап кіргізіп, біраз адамды жылатқан екі ағайындыны Жамбыл облысы әкімінің жастар ісітері жөніндегі кеңестің құрамынан көремін дер кім ойлаған ?
Жомарт Зұлпыхар сіз бұл мәселені білмеуіңіз мүмкін емес, елдерді алдап , Алматыға қашқанын екі ағайынды кеңеске қалай мүше болды?
Ағайынды екі жігіттің айтқанына сеніп, Q-NET ке кіргендердің өмірлері быт-шыт болды, кішкентай ғана қалада тұрамыз, жастарды азғырғандар қалай жастардың благосына жұмыс істейді? Қандай логикаға сүйендіңдер? Қашаңғы алаяқтарға, лохотрондарға жол береміз?
Арайлым Абдуалиева
Еркин Уйсимбаев
Darhan Qydyráli
Нұржан Нұржігітов
Данияр Асқарұлы
Мындай масқараны біліп тұрып, қалай үндемей қаласыздар?
Ертең тағы елді зар қақсатады ғой бұлар. Алдын алудың орнына, бәлеге жол беріп отырсыңдар» деген.
Арайлымның бұл жазбасына Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы өз жауабын берді:
«Құрметті Ақерке Рахымберді!
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы Жамбыл облысы әкімдігінің жанындағы Жастар істері жөніндегі Кеңес мүшелігіне Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қаныбек Жарылқасынұлы Мұратбаевтың ұсынылғандығын хабарлайды.
Ал, Сіз көрсетіп отырған азамат Әлібек Мұратбаевтың кеңес құрамында жоқтығын назарыңызға жеткіземіз.
Кеңес құрамы облыс әкімдігінің 2018 жылғы 26 маусымдағы № 127 Қаулысына сәйкес ұсынылып, 2022 жылдың 14 желтоқсанында облыстық мәслихат сессиясы отырысына қатысушы депутаттардың жалпы дауысымен бекітілгенін хабарлайды.
Қ.Мұратбаев төрағалық еткен жоғарыда аталған жастар ұйымы 2018-2019 жылдары республика бойынша ең үздік ұйым деп танылған және атқарған жұмыстары үшін облыс әкімінің, облыс әкімдігі басқармаларының алғыс хаттарымен марапатталған.
Ал, азаматтардың жеке басына тіл тигізуге заң алдында жауапкершілік көзделгенін назарыңызға жеткіземіз. Яғни, Басқарма кез келген мәселені заң аясында шешуді ұсынады» деп жазылған.