Астанада еліміздің бас шыршасы жағылды (фото)

0
22

Бүгін, 20 желтоқсанға қараған түні елордада ЭКСПО көрме кешені жанындағы алаңда еліміздің бас шыршасын жағу рәсімі өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Шыршаның биіктігі 25 метр. Жаңа жылдың көркі саналатын шырша жүздеген жарқыраған қар бүршіктерімен безендірілген. Ведомствоның мәліметінше, безендіруге 750 метр гирляндалар, 360 строб шамдары және 900-ден астам Рождестволық шарлар пайдаланылған. Шамды жағу рәсімі басталмас бұрын елорда тұрғындары мен қонақтарына «Ғажайыптар түні» атты ертегі мұз шоуы ұсынылды. Еліміздің бас шыршасын жас тұрғындар, елорда әкімі Жеңіс Қасымбек, Аяз ата және Ақшақар жағып, қазақстандық өнерпаздар сахна төрінде өнер көрсетті.

«Құрметті елордамыздың тұрғындары мен қонақтары, Жаңа жыл қарсаңында сіздерге мерекелік көңіл-күй, бақыт, отбасыларыңызға зор денсаулық тілеймін! Астанамыз дами берсін, көркейе берсін, келе жатқан жыл қала үшін берекелі болсын! Бүгін біз Жаңа жылды тойлауды бастаймыз», – деді қала басшысы астаналықтарға.