Айдос Сарым: «Қазақстанның жағдайын ескерсеңізші…»

0
28

Журналист Аян Қалмұрат facebook парақшасында жазба жариялады деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі:

Әріптесім Нұргүлдің депутат Айдос Сарыммен бүгінгі диалогы.

Нұргүл: Қазақстан Ресейдің Украинадағы әрекетін айыптайтын БҰҰ қарарына қарсы дауыс берді. Бұл туралы не дейсіз?

Сарым: Енді… Келесі жолы қалыс қалады. Амал жоқ, сөйтеміз.

Нұргүл: Неге амал жоқ, түсіндіріп айта аласыз ба?

Сарым: Қазақстанның жағдайын ескерсеңізші. Мысалы, сіз үлкен бір үйде тұрасыз. Бір көршіңіз — алқаш, бір көршіңіз — наркоман дейік, басқа дейік… Сондай жағдайда сіз солардың жағдайын ескеруіңіз керек қой, иә? Солармен күресуіңіз керек, күшіңіз жетсе» деп жазған.

Жазба астында оқырмандардың пікірі екіге бөлінген. Бірі Айдос Сарымды қолдаса, бірі пікірімен келіспей отыр: «Сарым өте дұрыс айтқан», «Тәуелсіздік қайда, наркоман мен алкаш көршіңнен қорқып отыра беру керек пе?» делінген.