“Естуші мемлекет” қағидасы іс жүзінде — Мәди Ахметов
Депутат Мәди Ахметов өз Instagram парақшасында “Естуші мемлекет” қағидасына қатысты жазба жариялады деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.
Құрметті достар, өздеріңіз білетіндей осы көктемде мен Көкшетау қаласындағы М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғаныс академиясына арнайы барып, жағдайымен танысып, мәселенің мән-жайын анықтап Үкіметке депутаттық сауал жолдаған болатынмын.
Нәтижесінде Үкімет бюджетті нақтау кезінде академияға жатақхана салу үшін құжаттарды рәсімдеп, жобасын жасақтауға қаржы қарастырып, бюджетке енгізді.
Білікті өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды даярлау ісі аса маңызды екенің елімізде орын алған соңғы кездегі түрлі табиғи апаттар көрсетуде.
Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қостанай облsсында болған төтенше оқиға кезінде тоқталып, Үкіметке жедел арада Азаматтық қорғаныс академиясына тиісті жағдай жасалуы керек екенің алға тартып, тиісті тапсырма берді. Президент пәрменінен кейін мәселе тездетіп шешімін табады деген ойдамын.
Назарларыңызға ағымдағы жылдың сәуірінде жолданған сауалымды ұсынамын.