Қоғам белсенділері Тоқаевқа үндеу жариялады!
Қазақ ұлты мен қазақстандықтарға!
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ.-Ж.К. Тоқаевқа
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Қазақ мемлекеттілігі мен қоғам үшін ең қажеттісі ұлттық идеология! Қазақстан әлі күнге БҰҰ 1992 жылы «Қазақстан ұлттық мемлекет», деп жариялағанын заңдастыра алмай, тоталитарлы-авторитарлық идеологияның шырмауында қалуда. Сондықтан:
— түрлі ұлт диаспораларының мемлекет құраушы қазақ ұлтының (ресми деректе 70,18%) төңірегіне шоғырланып топтастыратын, ортақ Отанды гүлдендіруге бағытталған, адам құндылықтарын нысана тұтқан Ұлттық идеология жасалып, ел өмірінің басты қағидаларына айналуға тиіс;
— Мемлекет тәуелсіздігінің отыз жылында мемлекеттің дамуы мен тежелуін, орын алған қателіктерді сараптап, Н.Назарбаев орнатқан авторитарлық жүйеге саяси баға берілсін;
-Н.Назарбаевтың билігі тұсында өзі мен отбасының, сыбайластарының рейдерлік, қулық-сұмдық, алаяқтық жолымен тапқан байлығы тәуелсіз сот арқылы заңсыз деп танылып, дереу национализациялансын;
— Алматы т.б. қалалардың тұрғындары 30 жыл бойы Өзбек шегарасынан мың м3 газды $30-алып $63-70 сатып келді. Ол туралы 90-шы жылдары Назарбаев-Құлыбаевтардың елді тонап отырғанын Өзбекстан президенті И.Кәрімов те ескерткен. Газ, су, жарық т.б. негізсіз шығындар индексация жасалып тұрғындарға қайтарылсын;
— Үкімет пен қала әкімі Алматыда экономикалық тұрғыдан тиімсіз (қазіргі ТЭЦ-2 реконструкциясынан 6-7 есе қымбат яғни тарифті 2,0-2,5 есе өсіретін, Париж келісімі нормаларына кереғар) газтурбин стансасын салуға «Президент Тоқаев лұқсат берді» деп елді және Президентті алдауда. Екінші «Қаңтар-22» қайғысына әкелетін бұл жобаға екі млннан астам қала тұрғындары, Қоғамдық Кеңес пен Мәслихат депутаттары қарсы. Экономикалық, технологиялық, экологиялық тұрғыдан тиімсіз, негізсіз шығынға әкелетін бұл коррупциялық жоба жабылып, оны іске асырмақшы Үкімет пен квазимемлекеттік компания басшылары отставкаға кетсін;
— Мемлекеттік тіл адам капиталы мен әлеуметтік инновацияны дамытып, елдің экономикалық моделін және интеллектуальдық ұлт қалыптастыратын негізгі құрал болғандықтан, оны білмейтіндер мемлекеттік қызметтен аластатылсын. Себебі ондайлар қазақ тілін білмегенімен қатар, оны басқа тілдерге қарсы қоюдан аса алмайды яғни ұлтаралық наразылық туғызушылар;
— Үкіметтің 2012ж. қабылдаған «Мемлекеттік тілді дамыту және қоғамға тарату» Қаулысы мен «Қазтест» жобасы 01.09.22ж. бастап барлық бала-бақша, оқу орындары, мемлекеттік мекемелердің барлығына енгізілсін енгізілсін;
— Ауыл, аудан, облыс, республика деңгейіндегі барлық жиындар мен дипломатияда тек мемлекеттік тілде өткізілсін. Басқа тілдерді қосарлап пайдалануға жол берілмейді;
— Білім мен тәрбие жүйесінде және жастар саясатында мемлекеттік тілді дамытудың жаңа стандарттары мен бағдарлама қабылдансын (2022 ж.);
— Республикасы аумағында 2022-2024жж. отарсыздандыру (деколонизация), советсіздендіру (десоветизация) және люстрациялық үдерістер жүргізілуге тиіс. Отаршылдық және советтік кезеңнен қалған жер-су атаулары түгелдей өзгертіледі. Бұл ең алдымен тарих, оқулық, ономастика салаларын қамтиды;
— Аумақтық және кешегі хандық билік тұрғысынан Қазақстан Ақ Орда және Алтын Орда мемлекетінің құқықтық мұрагері екені ресми жариялансын;
— Қазақстанда отаршылдық кезең (1731-1917 жж) мен советтік кезеңнің (1917-1991жж) саясаты мен мұраларын насихаттауға, советтік символиканы пайдалануға тыйым салынады;
— 1986ж. отаршылдық жүйеге қарсы бас көтерулер — Желтоқсан көтерілісіне тарихи тұрғыдан ресми баға берілсін. Желтоқсан көтерілісіне қатысушыларға арнайы заңмен жеңілдіктер қарастырылады;
— Жаңаөзен қырғыны өз алдына жеке тергеледі. Оқ атуға бұйрық бергендер мен оны орындағандар заң алдында жауап береді. Оларға қылмыстың мерзімі өткендік қағидасы қолданылмайды;
— Қазақ халқының 2022 жылғы Қаңтардағы ұлт-азаттық көтерілісі ресми мойындалып, жазықсыз құрбан болғандардың бәріне өтемақы төленеді. Күні бүгінге дейін азаптауларға ұшырап түрмелерде жатқан азаматтар босатылсын!
— Ақпараттық кеңістікте:
А. соғыс пен басқыншылықты уағыздайтын Ресей телеарналары жабылып, мемлекеттік тілде келесі бағыттарға арналған телеарналар ашылсын;
- орта білім, кәсіби және жоғарғы білім;
- ғылым, технология, инновация;
- тарих пен әдебиет.
Ә. Қазақ басылымдарының және мемлекеттік тілдің ақпараттық кеңістіктегі үлесі 2026-2027жж. — 80%-ға жеткізілсін;
— Халықаралық Адам институты дайындаған Үкіметтің пилоттық «Медиатека Kz» («М-Kz») жобасы әрбір ауыл, аудан, қала, орта және жоғарғы оқу орындарына (Цифрландыру…, Қоғамдық даму министрліктерімен бірге) ашылсын. «М-Kz»-те ағарту, ақпараттандыру, қаржылық т.б. қатар Қазшахмат (4 адам ойнайтын), шахмат, тоғызқұмалақ, шашка, Еуропада кеңінен тараған FIDJIP клубтары ашылсын;
«Жаңа Қазақстан» бағдарламасын ұсынған «Қазақстан Альянсы» бастаған ұйымдар оны қолдап, іске асыруда жан-жақты атсалысады. Бұл жобаны отансүйгіш, ары таза, іскер, әрі білімді мамандар іске асырады. Қазіргі осынынң басында жүргендердің көпшілігі алаяқ, қолдарынан іс келмейтіндер және Қасиетті Құранда айтатын «қоғамдық әйелдер». Мысалы:
— Е.Досаевтың фирмасы 2013ж. ашылуы тиіс Қашаған жобасына жаңаның орнына бұрын қолданылып, жартылай шіріген құбыр т.б. құрал-саймандармен қамтамасыз етіп, ол жобаның ашылуын үш жылға қаңтарып қойды. Сол үш жылда республика бюджеті $8,0 млрд қаржыдан айырылды. Осындай алаяқты Алматы қаласының әкімі етіп тағайындау мемлекеттік қылмыс;
— Әрқайсысында 72-104 елден қатысқан Халықаралық төрт ұйымның рейтингінде ҚР білім деңгейі арт жақтан 3-4 орындарда. А.Аймағамбетов басқарған оқу орындары ана тілі мен мемлекеттік тілден безген мәңгүрттер мен дебилизмнің ордасына айналып болды. Халықпен санаспай, осындай шенеунікті төртінші рет тағайындап отырған биліктің диктаторлық режимнен айырмашылығы қандай?!
— Ондаған адамды тергеу кезінде азаптап өлтірген ІІМ министрін Ақордаға жауапты қызметке ауыстыру Президент Әкімшілігінің өзін қанды қол қасапшылардың орталығы қылып отырған жоқ па?!
— Президенттің омбудсмені А.Саинның бас заңгері 1986ж. желтоқсан оқиғасы кезінде көшеге шыққан жастарды арматурамен ұруды ұйымдастырған қарақшы болса, Құрмет орденімен марапатталған Алагузова, референдумның ресми үгітшісі Байзақова т.б. ел сенімінен шыққан қоғамды аздыратындар мен солардың қолдаушыларының өзіне деген сенім жоқтың қасы;
— «Үңгірлік ұлтшылдықтың» авторы, арсыз Абаев — министр, бабуиндер партиясына (Ақорданың келісімімен) Ертышбаевтың жетекші болуы т.б. қалаймақандар сұмырай келсе су құрып, алға басқан қадамды артқа кетіруде!
«Арбаның бесінші дөңгелегі» — Сенат, ұлттық мемлекеттің құрылымына артық яғни заңсыз құрылым.
Ақорданың жанынан құрылған бірнеше Ұлттық комиссиядағы Нұров т.б. біразы, Парламенттің депутаттары сияқты мәңгүрттер. Осындай мәңгүрттер дайындаған шешімдер мен заңдар қоғамды интеллектуальдық ұлт емес, тобырға арналдырады.
Ұлытауда өтетін Ұлттық Құрылтайда қазақ халқының мүддесін басшылыққа алатын, құқықтық тұрғыдан тұрақты түрде жұмыс істейтін Қазақ Ұлттық Кеңесі құрылсын!
P.S. Ұлттық Құрылтайға Парламент депутаттарын шақырудың қажеті жоқ. Оған Оразалы Сәбден, Мереке Құлкенов, Асылы Осман, Тоқтар Әубәкіров, Марат Тоқашбаев, Жанұзақ Әкім, Сәдуақас Аңсат, Зәуреш Батталова, Самал Еслямова, Бәшір Жаңалтай, Жанар Шоқпанова, Уәлихан Қайсаров, Тұрсын Жұртбай, Құсман Шалабаев, Алма Түсіпбекова, Арман Әубәкір, Максим Рожин, Әзілхан Ахметов, Жәди Шәкенұлы, Юлия Лагуткина, Рысқали Төлеев, Нағашыбек Қапалбеков, Серік Қанатбаев, Марат Бөтеев, Қыдырәлі Ораз, Алмас Ахметбеков, Азаматхан Әміртай сияқты азаматтар шақырылғаны дұрыс болады.
Құрметпен,
Халықаралық қоғамдық ұйымдар:
— Азербайджан, Армения, Грузия, Түркия, Венгрия, Қазақстан, Ресей, Финляндия, Франция, АҚШ, Эстония, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан, барлығы 16747 мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалым-профессорлар, мәдениет қайраткерлері — түркі, угро-фин, кавказ халықтары Конгрессінің мүшелері;
— Елдегі диаспоралардың мәдени Орталықтары, Қазақстанның «Славян, орыс және казак Қауымдастығының» қолдауымен;
— «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Атамекен» ҰКП, Қазақстан ғалымдар, генералдар, жазушылар, композиторлар т.б. творчестволық Одақтары, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы, Қазақстанның қаржыгерлер, тәуелсіз кәсіпкерлер, ректорлар, Ауған соғысы ардагерлері, 12 көп балалы аналар Қауымдастықтары мен 17 республикалық газет-жорнал реакциялары, елдегі партиялар, «Атажұрт» т.б. барлығы 47 республикалық ұйымдар мен зиялылар құрған Қазақстан Альянсының Ұйымдастыру алқасы атынан:
МЫРЗАХМЕТОВ Мекемтас – ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
ӨТЕЛБАЕВ Мұхтарбай — физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚҰА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
СӘБДЕН Оразалы – ҚР ғалымдар қауымдастығының Төрағасы, экономика ғылымының докторы, академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
ЕЛЕУСІЗОВ Мэлс – ҚР экологиялық Одағы мен кәсіпорындары «Табиғат» қауымдастығының Президенті;
ӘУБӘКІРОВ Тоқтар – ұшқыш-ғарышкер, Кеңес Одағының батыры және Халық Қаһарманы;
ШАХАНОВ Мұқтар – ақын, ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі, қоғам және мемлекет қайраткері;
СҮЛЕЙМЕНОВ Олжас- Қазақстанның Еңбек Ері, Халықаралық «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының Төрағасы;
ӘУЕЗОВ Мұрат – ғалым, ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі, мемл. қайраткері;
ТҰРСЫНБАЕВ Балташ — ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі, мемлекет қайраткері, «Ел мен жер» қоғамдық қорының Төрағасы;
ДАГ ДҰРАН Ахмет – профессор, философия докторы, Түркі халықтары мәдениет қорының Президенті;
ӘШІМОВ Асанәлі – Қазақстанның Еңбек Ері, ҚР және ҚСРО халық әртісі, ҚР және ҚСРО мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты;
ОСМАН Асылы – педагогика ғылымд. кандидаты, Әзірбайжан мәдени Орталығының мүшесі;
ҒАББАСОВ Совет-Хан — медицина және педагогика ғылымдарының докторы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет сыйлығының лауреаты;
НҮСІПЖАНОВ Нұрғали – Қазақстанның халық әртісі, қоғам қайраткері;
БАТТАЛОВА Зәуреш – «Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры» Қоғамдық қорының президенті, ЖСДП Президиум мүшесі;
СМАҒҰЛОВ Елубай – жазушы, тарихшы, кинопродюссер;
ТОҚАШБАЕВ Марат — ҚР ПҒА академигі, профессор, қоғам қайраткері;
ҚАБЫШҰЛЫ Ғаббас — жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның құрметті журналисі;
РАҚЫШЕВ Баян – ҚР ғалымдар Одағының вице-президенті, ҚР ҰҒА академигі, ҚазҰТУ кафедра меңгерушісі;
ИСАБЕКОВ Дулат — «Мәдениет» журналының бас редакторы, жазушы-драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
СМАТАЕВ Софы — жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйл. лауреаты;
МЕДЕТБЕК Темірхан – ақын, ҚҰ Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
ЕСДАУЛЕТ Ұлықбек – ақын, Қазақстан жазушылар Одағының төрағасы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
ҚАРАҚҰЛОВ Жексенбай – Алматы қ-сы, Халықаралық Қазақ «Бейбітшілік Әлемі-Планета Мира» бірлест. Халықаралық жазушылар одағының төрағасы;
ҚАЙСАРОВ Уәлихан –ҚР Парламентінің экс-депутаты, қоғам қайраткері;
АРАЛБАЙ Нұғман – биол. ғылымд. докторы, профессор, «Жаратылыстану ғылымдары және инновациялық технологиялар» ҒЗИ директоры;
БАЙМҰРАТОВ Ораз –Экономика ғылымд. докторы, профессор, ҰҒА академигі;
ЖАЛҒАСҰЛЫ Нариман – техника ғылымдарының докторы, Ұлттық тау-кен ғылым академиясының академигі;
БУРБАЕВА Галия – ғалым, қоғам қайраткері;
ҚҰЛКЕНОВ Мереке – жазушы, «Жұлдыз» жорналының Бас редакторы;
СҮЛЕЙМЕНОВ Жарасбай- ҚР Парламентінің экс-депутаты, жорналис, қоғам қайраткері (Петропавл);
ӘБДУӘЛИҰЛЫ Бекжан – филология ғылымдарының докторы, профессор;
СӘТБАЕВ Досым – саясаттанушы, халықаралық жорналис;
БАПИ Ермұрат — «ДАТ» жобасының жетекшісі, қоғам қайраткері;
АЙҒАЛИҰЛЫ Е. – редактор, қоғам қайраткері;
СӘРСЕНБАЙ Рысбек — қоғам қайраткері, жорналис;
ҚОЙШЫБАЕВ Бейбіт- тарих ғылым. канд., «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының президенті;
АҢСАТ Садуақас- «Тіл сақшысы» газетінің Бас редакторы (Қызылорда);
ӘЛІПҚАЛИЕВ Тихон — жорналис, қоғам қайраткері (Орал);
БІЛӘЛ Құдияр – жазушы, респ. «Жалын» жорн. хатшысы, қоғам белсендісі;
РАҚЫШЕВ Еркін – респ. «Ел мен Жер» қозғ. атқ. директоры, кинорежиссер;
БАЙЖАНОВА Дина – «РЦКУ-Ақтау» ЖШС контролері (Ақтау);
ҮСЕНОВ Данияр – «Санжар құрылыс» ЖШС;
КӨПТІЛЕУОВ Нұрлан (Қызылорда);
АҚЖІГІТ Өмірзақ- тәуелсіз журналист, жазушы;
ЖӘКЕЕВ Ғабиден– Ғ.Мүсірепов атындағы қордың Төрағасы;
ЖҰМАЛЫ Расул – саясаттанушы, дипломат;
ШОРАЕВ Арман – тележорналис, редактор, қоғам қайраткері;
ӘБУТАЛИПОВ Әспен –ветеринария ғылымдарының докторы, профессор;
ЕСЕНҚОС Серікжан – қаржыгер (Әлемдік банк менеджері), қоғам қайраткері;
ЖАҢАЛТАЙ Бешір – жорналис (ВВС-да істеген), қоғам қайраткері (Лондон);
КӨКБҮЛЕН Аттила – кәсіпкер, қоғам белсендісі (Париж);
ҚҰСМАН Абзал- заңгер, қоғам қайраткері;
Маңғыстау-Жаңаөзеннің қоғам қайраткерлері мен белсенділері:
ҚАЛИЕВ Сайлау;
НУРИХАНОВ Ысқақ;
РАЙЫМБАЙҰЛЫ Қаржаубай;
АХМЕТОВ Орынғали;
ӘБІЛОВ Аманберді;
ЕРСАЙЫНҰЛЫ Уайс;
ШАХМЕТОВ Мұрат – қоғам белсендісі (Атырау);
ХАЙРУЛЛИН Армен – қоғам белсендісі, эколог (Атырау);
ШОРМАНОВ Мұрат – Атырау обл. фермерлер Одағының төрағасы, кәсіпкер-меценат (Атырау обл.);
РАХИМОВА Салтанат – заңгер, белсенді (Атырау);
ЖАЙЫҚ Арман- жорналис, ақын, белсенді (Атырау);
АЯН Талғат- қоғам белсендісі (Атырау);
БОҚАЕВ Макс – қоғам белсендісі (Атырау);
КУШКАЛИЕВ Мақсот (Атырау);
ИЛЬЯСОВ Шорман (Талдықорған);
МЕРАЛИЕВ Мазмут – кәсіпкер-демеуші (Атырау);
АРАЛБАЕВ Жәнібек – а/ш ғылымд. кандидаты, фермер-кәсіпкер (Атырау);
НҰРҒАЗИЕВА Әсел – заңгер, қоғам белсендісі (Атырау);
ДОСПАНОВ Жұмабай – жорналис, жазушы (Атырау);
ҚАРАШАЕВ Естай – қоғам белсендісі (Жаңаөзен);
Экологиялық альянс «Байтақ Болашақ» респ. қоғамдық бірлестігінен
ӘМІРТАЙ Азаматхан – РҚБ Эко-Альянс «Байтақ Болашақтың» Төрағасы;
НҰРАЛИЕВА Салтанат – РҚБ Эко-Альянс «Байтақ Болаш.» жауапты хатшы;
БАЙМАҒАМБЕТОВ Тлеп – Маңғыстау обл. филиалы директоры;
ІЗБАСАРОВ Есенбай –Атырау обл. филиалының директоры;
ДІЛДӘБЕКОВА Әсел –Алматы қ-сы филиалының директоры;
НҰРХАНОВ Қайрат –Талдықорған қ-сы филиалының директоры;
БАТЫРОВ Қуандық –“Sakhara” газетінің Бас редакторы;
МАЛАЕВ Эльдар – Жамбыл обл. Филиалының директоры;
СМАГУЛОВ Орал – Ақмола обл. Филиалының директоры;
КӨЛБАЙ Данабай –«Тұран ойпаты-Арал теңізі» ҚБ президенті;
ЖҰМАҒҰЛОВ Уалихан — «Тұран ойпаты-Арал теңізі» ҚБ аппарат басшысы;
ӘЛЯДИНОВ Зейнетолла — «Тұран ойпаты-Арал теңізі» ҚБ ақсақалдар алқасы;
НАДИРБЕКОВ Габит – РҚБ Эко-Альянс «Байтақ Болашақ» атқ. директоры;
НЫҒМЕТЖАНОВ Қанат- Астана қ-сы филиалының директоры;
ДӘУРЕНБЕК Сахым – БҚО филиалының директоры;
АМАНБАЕВА Миновар – Сарыағаш ауд. Корреспондант;
ЕГЕМБЕРДИЕВ Таубай — РҚБ Эко-Альянс «Байтақ Болашақ» белсендісі;
МҰҚАШЕВ Тыныбек — РҚБ Эко-Альянс «Байтақ Болашақ» кәсіподақ белсендісі;
МАХАМБЕТОВ Қонысбай (Ақтөбе);
ТАСТАНОВ Бақыт (Түркістан);
БАЙМЕНОВ Бақытхан (Қызылорда);
БАЙКУБЕНОВ Елжас (Қазалы);
САТУАҚОВ Айбол (Ел астанасы);
САДЫҚОВ Екпін (Атырау);
ТӨЛЕБАЕВ Нағызхан (Ел астанасы);
БЕЙСЕНБАЕВ Аманғали (Алматы обл.);
ҚАБИДОЛЛАҚЫЗЫ Анар (Алматы қ-сы);
ШОНКУ Хайратхан (Алматы қ-сы);
ЖАЛҒАСҰЛЫ Нариман;
БАЙМІШЕВА Нұржамал- «Желтоқсан ақиқаты» респ. қоғамдық бірлестігі;
ИСАБЕКОВА Патсакүл — «Желтоқсан ақиқаты» респ. қоғамдық бірлестігі;
АҚБЕРДІ Айгүл – белсенді;
ТӘНЕКЕЕВ Жанат (Алматы қ-сы);
БОҚАЕВ Санжар –тележорналис, сарапшы;
НҰРҚОЖАЕВ Болат (Қызылорда);
РАҚЫМЖАНОВ Асхат –ОСДП жетекшісі;
ТӨЛЕЕВ Рысқали – Халықа. «Невада-Семей» қозғал. атқарушы директоры;
ТОБАЯҚОВ Бақытжан –ақын, ҚР мәдениет қайратк., Ә.Бөкейханов атынд. сыйл. лауреаты;
СҮЛЕЙМЕНОВА Сажида — «Желтоқсан ақиқаты» респ. қоғамдық бірлестігі (Түркістан обл.);
ӘБДІХАЛЫҚОВ Сәттібай (Балхаш);
АБАҒАН Мұқтархан – Кенесары Хан қоғамдық қорының Төрағасы;
КЕНЕБАЙ Жұмаш — ақын, Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының лауреаты;
ШЫМШЫҚОВ Жанкелді — Астана қалалық «Тәуелсіздікті қорғау» ХДҚ
ұйымдастыру комитетінің төрағасы;
ЖАНДАРБЕК Зікірия — тарих ғылымының кандидаты, Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Түркістан университетінің профессоры;
ҒАБДОЛЛА Қажымұқан – «Қазақ Елі» газетінің Бас редакторы;
ҚАНАТБАЕВ Серік — ветеринария ғылымд. докторы, қоғам белсендісі (Орал);
ОШАНБЕКОВ Нұржан – «Ел мен жер» қоғамдық ұйымының директоры;
АЙЫПҰЛЫ Рахым – ЖСДП Президиум мүшесі, Қоғам қайраткері;
ШАЛАБАЕВ Құсман – философия ғылымдарының докторы, Алматы қаласы «Қазақ тілі қоғамының» Төрағасы;
ЕРҒАЛИЕВА Баретта — Қазақстанның «Демократия және құқық» халықаралық тарихи-құқық орталығының Төрайымы;
ЕРҒАЛИЕВА Гүлжан – журналис, қоғам қайраткері;
ЕГЕУБАЕВ Айдын – қоғам қайраткері;
ОРЫС Мамырбай- қоғам белсендісі;
ИСА Жасұлан – қоғам белсендісі, заңгер;
ӘУБӘКІР Арман – «Адырна» республикалық қоғамының Төрағасы;
КЕНЖЕБАЙ Мырзан – ақын, ҚР мәдениет қайраткері
ТӨРЕХАНОВ Эрнст — жазушы, қоғам қайраткері;
МҰҚАНҒАЛИЕВ Ермек – ғалым, қоғам қайраткері;
МҰҚТАЙ Қуаныш – ақын, қоғам белсендісі;
ҚАПТАҒАЙ Қ. — «Халық дабылы» қозғалысының төрағасы;
ҚУАТ Дәурен – «Қазақ әдебиеті» газеінің Бас редакторы;
СӘДУҰЛЫ Бисенғазы — «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлест. Төрағасы;
ӘЗІМБАЙ Ғали — саясаттанушы, тарих ғылымдарының докторы;
ҚОЖЫҚОВ Жәнібек – қоғам белсендісі (Маңғыстау обл.);
БЕЙСЕБАЙ ТЕГІ Руза – қоғам қайраткері (Павлодар);
ХАМИТОВА Жамиға – мұғалім, қоғам белсендісі (Павлодар);
ҚАНАТОВ Бақытгүл – заңгер, қоғам белсендісі (Ақтөбе);
ЫБЫРАЙ Мая — қоғам белсендісі (Павлодар);
БАЙБОСЫН Сайлау- жорналис, редактор (Павлодар);
СЕЙДАЛИЕВ Самат – кәсіпкер (Павлодар)
АҚАБАЙ Гүлнар – кәсіпкер, қоғам белсендісі;
АХМЕТОВ Әзілхан — республикалық «Адам капиталы» жорн. Бас редакторы;
МАМЫҚОВА Нәзипа – «Саясат-Ақпарат» газетінің Бас редакторы (Шымкент);
ӘШЕТАЙ Рүстем –Ұлттық әлеуметтік даму қорының президенті (Шымкент);
НАРЫМБЕТОВА Бисенкүл – «Қызмет» газетінің Бас редакторы (Шымкент);
ДӘБИ Рысбек – ақын, Жазушылар Одағының мүшесі (Шымкент);
БЕРКІМБАЙ Ардақ – жорналис, ғалым;
ЗАЙТОВ Ринат – айтыс ақыны, қоғам белсендісі;
ШАМБИЛ Венера;
ЗИКИРИН Ержан;
БӨЛЕКБАЕВ Нұрлан;
ҚАДЫРБЕКҚЫЗЫ Маржан;
ҚАЙРОЛЛАҚЫЗЫ Күннәр;
БАХТЫБАЕВ Еркін;
ЕСЕНОВ Армия;
ТӨЛЕБАЕВ Нағызхан;
АЛДАБЕРГЕН Ержан;
САҒЫМБАЕВ Самат;
НЕСИПБАЕВ Адиль — Президент РКБ « ARSISTEMKZ», заңгер, менеджер;
ҚАРМЫСОВ Әсет;
САДЫҚОВ Нураддин;
ДЖЕТИБАЕВ Пернебай;
РАМАЗАНОВ Маратбек –«Желтоқсан-86» ШҚО ұйымының Төрағасы;
САРЖАЛ Әсен — белсенді (ШҚО);
АЛИМЖАНОВ Асен – Желтоқсан ұйымы белсендісі (Семей);
|
МАШРАЛИН Мұхит;
МҰҚАНОВ Дәурен — аудармашы, әдебиеттанушы;
БӨТЕЕВ Марат — «Аллажар-қолдау» қоғамдық қорының төрағасы;
ТӘЛІМҰЛЫ К. — Талғар аудандық мемл. тілді оқыту орталығының директоры;
АШУҰЛЫ Ж. — Қазақстан саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығының төрағасы;
МҰХТАРБЕК С. — журналист, қоғам қайраткері;
КӘРІПЖАН Аманғазы – ақын, қоғам қайраткері;
САТҚАНОВ Дәурен — кәсіпкер, қоғам белсендісі;
Ұялы тел.: +7 775 726 2054, +7 778 100 0080 Дәурен Сатқанов), +7 771 149 71 81 (Әзілхан Ахметов). E-mail: worldcongr20@gmail.com.
10 маусым 2022 жыл
Алматы қаласы