Хабиб Нурмагомедов Қазақстан халқына үндеу жасады

0

UFC бұрынғы чемпионы, Eagle FC промоушнының жетекшісі Хабиб Нурмагомедов қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұр-Сұлтан, әрине, соңғы бес-алты жылда көп өзгерді, мен мұнда бірінші рет келіп тұрған жоқпын, өзгерістерді әр келген сайын байқаймын.

Қазақстанның барлық тұрғындарына сәттілік және денсаулық тілеймін!

Ертең үлкен мерейтойлық турнир өтетін «Барыс Аренада» кездескенше», — деп жазды спортшы Instagram парақшасында.

Айта кетейік, 21 тамызда өтетін Eagle FC турнирінде қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожай жартылай ауыр салмақта ресейлік Константин Адрейцевпен чемпиондық атақ үшін жұдырықтасады.

Бұған дейін Eagle FC промоутерлік президенті Шамиль Завуров Хабиб Нурмагомедовтың матчтар мен жекпе-жектерді жұптастыруға қатысуы туралы айтқан болатын.