IJetisu.kz- Жетісудағы жаңа сервис

0
7
mobilaser.kz

IJetisu.kz- Жетісудағы жасалған жаңа сервис. Уақыты ақшадан қымбат заманда кез келген қызмет түрлеріне онлайн қол жеткізу қазіргі заман табалды.  Бүгінгі жаһандану дәуірінің адамдарына үйден шықпай-ақ қажетті қызметті алу өмір сүру салтына біте қайнасып кеткені ақиқат. Қазіргі таңда  түрлі қызмет алуға ыңғайлы қосымшалардың бірнеше түрі қолданыста. Енді бұл қатарды «IJetisu.kz» сервисі толықтырып отыр.

Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласының тұрғындарына лайықталған сервисте тұрғын-үй коммуналдық қызметтерді алу қол жетімді болды.

«IJetisu.kz» цифрлық коммуникациялар сервисінде «Жылжымайтын мүліктің меншік иесі ауысқан кезде коммуналдық қызметтер көрсетуге шарттар жасасу», «Жетісу Су Құбыры» ҚМКК», «Талдықорған акционерлік электрожүйелерінің тасымалдау компаниясы» («ТАЭТК» АҚ), «Талдықорғантеплосервис» ШЖҚ КМК, «Жетысу энерготрейд» ЖШС, «Кайнар-Медиа» ЖШС-не қатысты және өзгеде 60-тан астам онлайн қызмет түрін алуға болады.

Қызметтерді пайдалану үшін ең әуелі цифрлық сервиске тіркелу керек. Оған кіру үшін бірнеше нұсқа ұсынылады. Тұтынушы өзіне ыңғайлы нұсқаның бірін пайдаланады. Жүйеге кіру жеке немесе заңды тұлғаның электрондық-цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, немесе мобильді азаматтар базасында тіркелген болсаңыз, СМС (бір реттік пароль) көмегімен авторизациялау арқылы, я болмаса   Egov.kz «электрондық үкімет» порталының авторизациялау сервисін пайдалана отырып жүзеге асады.

Айта кетейік, қызметтерді алуға өтінім беру үшін қандай қажетті құжаттар тізімін, қызмет көрсету мерзімдерін және басқа ақпаратты қызмет паспортынан оның атын басу арқылы көруге болады.

Сонымен қатар өтінім алу кезінде белгіленген құжатты сервиске жүктеу керек болады. Ол үшін бірінші

«Файлды жүктеу» батырмасын басасыз, артынша қажетті файлды таңдап, «Ашу» батырмасын басу керек.  Нәтижесінде құжатты жүктеу өрісінде файл атауы пайда болады.

Егер де  сіз қате файлды жүктеген болсаңыз, өрістің оң жағындағы крестті нұқыңыз — файл атауы жоғалады. Кейін қадамдарды 1-ші нүктеден басына бастап қайталап шығасыз.

«IJetisu.kz»  цифрлық коммуникациялар сервисіндегі кезекті әрекеттің бірі Өтінімге қалай қол қою.  Бұл жерде бірінші «Қол қою» батырмасын басып, ЭЦҚ орналасқан папканы  ашыңыз, жеке тұлға ретінде қол қойған жағдайда RSA алгоритмінің сертификатын таңдаңыз, ал заңды тұлға ретінде GOST алгоритмінің сертификатын таңдау қажет.

Одан кейін құпиясөзіңізді еңгізіп, «Ашу» батырмасын басыңыз, одан кейін «Қол қою» батырмасын басасыз. Өтініге қол қойылған соң «Өтінімді жіберу» батырмасын басуды ұмытпаңыз.

Өтінімнің мәртебесі «Өтінім жобасы» дегеннен «Жіберілді»дегенге өзгеру керек. Қаперіңізде болсын, сіз өтінімді «Сақтау» батырмасын басып құр сайқтай аласыңыз. Бірақ «Өтінімді жіберу» батырмасын баспай, өтінім ұйымға түспейді.

Сервистегі ақпаратты қазақ, орыс және латын қарпінде оқуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар қосымшада жикі қойылатын сұрақтарға жауапта жинақталған.

Бір сөзбен айтқанда IJetisu.kz сервисінде бірыңғай терезе қағидаты бойынша барлық қалалық қызметтерді өтінім беріп, қажетті құжаттарды үйден шықпай-ақ алу мүмкіндігі қарастырылған.