Желіде «прокурордың әйелі» мен күзетші арасындағы жанжал видеосы тарауда (ВИДЕО)
Қызылорда облысының прокуратурасы Желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді. Онда «прокурордың әйелі» күзетшіге дөрекі сөйлеп жатқаны түсірілген, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде Қызылорда облысында түсірілген деген видео тарап жатыр. Онда әйел күзетшіге айғайлап, балағат сөздер айтады және күйеуі «аймақ прокуроры» екенін, ол мұны жай қалдырмайтынына уәде береді. Сонымен қатар, әйел өзіне айтылған қорлауға жауап ретінде осындай әрекет жасағанын мәлімдейді.
Видеоға қарағанда, жанжалдың шығуына көлікті автотұраққа дұрыс қоймау себеп болған.
Қызылорда облысының прокуратурасы әлеуметтік желідегі видеоға қатысты пікір білдірді.
«Әлеуметтік желілерде «Қызылорда облысы прокурорының әйелі» күзетшіге «қоқаң-лоққы» жасады деген ақпарат тарап жатыр. Бұл шындыққа жанаспайды. Облыс прокурорының әйелі — Бижанова Татьяна Анатольевна. Видеоға басқа әйел түсірілген», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Прокуратура жала жабатын ақпаратты тарату заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.