Ресей Израильдегі антиукраиналық митингілерді ақша төлеп, ұйымдастырып жатыр

0

Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясы Израильге де қатысты.
Соңғы уақытта Израильдің әртүрлі қалаларында Ресей Федерациясы төлейтін Украинаға қарсы демонстрациялар көбейіп келеді. Бұл туралы Украинаның Израильдегі елшілігі өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Олар әлеуметтік желідегі үгіт-насихат арқылы шабуыл жасаумен қатар, Ресей үкіметі қаржыландыратын Украинаға қарсы демонстрациялар өткізілгенін атап өтті. Мұндай митингілер Хайфа, Нетаньяда және Израильдегі Украина елшілігінің алдында өткен.

“Бұл Израиль қоғамын дұрыс жолдан адастырып жатыр. Жоспарланған демонстрацияларға қарамастан, біз Израиль жұртшылығы негізінен Украинаны қолдайтынын және Ресейдің қатыгез шабуылдарына қарсы екенін түсінеміз», — деді Украинаның Израильдегі елшісі Евгений Корничук.

УНИАН хабарлағандай, Ресей Украина билігінің беделін түсіру мақсатында Германияда үгіт-насихат науқанын бастады.

Ақпарат: unian.net