Нұрсұлтан Назарбаев астана маңындағы саяжайын сатылымға шығарды

0
1128

Назарбаевтың елорда маңындағы саяжайы 3,5 млрд теңгеге сатылымға шығарылды. Бұл туралы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы фонд-бюросы» telegram-арнасы хабарлады, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы. 

Krisha.kz сайтында гольф клубы бар резиденцияны (1600 шаршы метр) 3,5 миллиард теңгеге сату туралы хабарландыру пайда болды.

Нысандардың орналасқан жері мен қолжетімділігі Нұрсұлтан Назарбаевтың саяжайымен сәйкес келеді.