Алакөлдегі бірнеше демалыс базасынан өрт шықты
Ведомство мәліметінше, 4 шілдеде 23:20-да Үржар ауданындағы Алакөл көліндегі демалыс базаларының бірінде өрт шыққан.
«Қатты соққан желден демалыс базасы мен көршілес база әп-сәтте отқа оранды. Өрт шарпыған аумақ шамамен мыңнан аса шаршы метр. Сондай-ақ құрғақ шөп қоса жанып жатыр. Өрт сөндіруге ШҚО ТЖД жеке құрамынан 10 адам және 3 бірлік техника, жергілікті атқарушы билік пен тұрғындар жұмылды. Күштер мен құралдар бойынша жалпы ақпарат анықталып жатыр», — делінген хабарламада.
Демалушылар өздігінен үйлерден кетіп жатыр. Полиция жеке құрамы жақын маңдағы базаларды қоршауға алды.
Өрт орнына ШҚО ТЖД-дан қосымша 22 қызметкер мен 6 бірлік техника Ұлттық парктен 4 адам мен 1 техника келе жатыр.