Елорда тұрғыны екі айлық қызын ұрып, бас сүйегін сындырды

0
450

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны екі айлық қызын ұрып, бас сүйегін сындырды деген күдікке ілінді. Ауыр жарақат алған нәресте қазір жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Астана телеарнасы. Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам ішімдікке мас болған. Туғанына небәрі екі ай болған сәбиін жерге лақтырып, аямай сабаған. Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы нашар.

Ал қатыгез әке қамауға алынды.   «Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 107-бабы 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, тергеу жүргізілуде. Сот бұрын белгілеген ерекше талаптарды бұзғаны үшін ер адам қамауға алынды. Тергеу барысы бақылауға алынды», — деп хабарлады Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Ә. Дүкембаева