АЭС Алматы облысының Үлкен ауылында салынуы мүмкін
Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үлкен ауылын атом электр станциясын салуға ең оңтайлы жер деп атады.
— Қазақстанда мүлдем сейсмикалық аймақтар жоқ. Атом электр станциясын салу кезінде желдің көтерілуі, судың болуы ескеріледі. Сондықтан Балқаш маңындағы Үлкен ауылы ең оңтайлы жер болып шықты, – деді ол 11 маусымдағы брифингте.
Ауыл демекші, қазір ол жерде халық аз. Қаңырап бос жатқан үйлер, балабақшалар мен мектептер көп. Бұл бағыттағы атом электр станциясының салынуы тек ауылдың ғана емес, Алматы облысының барлық бөлігінің дамуына серпін береді деген болжам бар. Бірақ ол әлі нақтыланған жоқ.
Бұл ретте Ақшолақов Алматыда үш ЖЭО түгелдей қайта жаңартылатынын – «Самұрық-Қазына» қоры ЖЭО-1 мен ЖЭО-3 кеңейтілетінін айтты. Қор 2026 жылдың соңына дейін ЖЭО-ны толығымен газға көшіру үшін ЖЭО-2-де аралас циклді қондырғы салып, оны 2023 жылдың соңына дейін пайдалануға береді.
Негізгі күн тәртібінің бірі – шекті газ бағасына мораторий аяқталғаннан кейін мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салу мерзімін ұзарту. Ақшолақов мораторий аяқталғаннан кейін:
— жоғары маржасы бар, бірақ сонымен бірге меншік құқығында резервуар паркі жоқ және шалғай өңірлерге жанар-жағар майларды таратуға қатыспайтын өнімсіз делдалдарды жанар-жағармай нарығынан шығару;
– ірі тұтынушылардан мұнай өнімдерінің қорын құруға – «ҚазМұнайГаз» базасында 150 мың тонна көлемінде және «ҚТЖ» АҚ базасында 50 мың тонна көлемінде;
— мұнай өнімдерін автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салуды 6 айға ұзарту.
180 күннен кейін газ бағасының күрт өсуіне жол бермеу үшін Энергетика министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сатылатын сұйытылған мұнай газының айналымын бақылауға алады. «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заң Энергетика министрлігінің сұйытылған газдың шекті бөлшек сауда бағасын белгілеу құзіретін көздейтін болады.