Тоқаев Путиннің шақыруымен Мәскеуге келді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің және ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Армения премьер-министрі Никол Пашинянның шақыруымен Мәскеуге келді. Бұл туралы kznews.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
Тоқаев мұнда Ұжымдық қауіпсіздік шартына қол қойылғанына 30 жыл және Ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай өтетін мерейтойлық саммитке қатысу үшін келген.
Айта кетейік, ұйымның іс-шарасы бүгін, 16 мамыр күні Кремльде өтеді.