Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялауы мүмкін

0

Қытай түрмесінде 8 жыл бойы отырған Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялауы мүмкін. Бұл туралы оның адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

«2014 жылы Ақжарқын Тұрлыбай Гуанчжоу әуежайында ұсталды. Сол жылы Хошимин қаласында Ростов тұрғыны Мария Дапирка да тұтқынға алынды.

Қыздар нигериялық есірткі бандасының құрбаны деп танылды. Екеуі де өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялауы мүмкін. Қыздардың Отанына оралуына нақты мүмкіндік бар», — деп жазды ол.