Домой Жаңалықтар Антикор Арыстанбек Мұхамедиұлының үйіне тексеріс жүргізді

Антикор Арыстанбек Мұхамедиұлының үйіне тексеріс жүргізді

0
275
Фото ult.kz сайтынан алынды

Антикор бұрынғы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының үйінде және ол басқаратын ҚР Ұлттық музейінде тінту жүргізді, деп жазады kznews.kz сайты «Адырна» ұлттық порталына сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлықпен күресушілер музейдің «Алтын адамның әлем мұражайларындағы шеруі» көрмесін өткізуге жұмсаған шығынын тексеруде.

Бұл тендерді «Экспонат» ЖШС (директоры – Ұмсын Тобағабылова) 1,3 млрд теңгеге ұтып алып, көрме өткізген болатын.

Антикор бұл компанияның Ұлттық музей басшылығымен байланысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Қазір Арыстанбек Мұхамедиұлының туыстарының дүние-мүлкі де тексерілуде.