Украинада Z және V таңбаларын қолдануға заңды түрде тыйым салынды

0

Украинаның Жоғарғы Радасы ел аумағында «V» және «Z» таңбаларын қолдануға тыйым салатын заң жобасын қабылдады, сонымен қатар Ресей Федерациясын  «террористік ел» деп таныды.

Бұл туралы «Халық қызметшісі» партиясы  сайтында жарияланған хабарламада айтылған.

«Халық депутаттары Украинаны ақпараттық кеңістікте қорғауды қамтамасыз ететін, ресейлік рәміздерді қолдануға тыйым салатын және Ресейді террористік мемлекет деп танитын №7214 заң жобасын қабылдады»  делінген хабарламада.

Партия «Z» және «V» әріптері Ресейдің Украинаға әскери басып кіруінің символы ретінде танылғанын түсіндірді.

— Сонымен қатар, Ресей террористік мемлекет деп танылды, оның саяси режимінің мақсаттарының бірі украин халқына мемлекеттік геноцид, физикалық қырып-жою, украин азаматтарын қыру, бейбіт халыққа қарсы халықаралық қылмыс  жасау, соғыстың тыйым салынған әдістерін қолдану, азаматтық объектілерді және маңызды инфрақұрылымды жою, Украинаның жекелеген аймақтарында жасанды апаттар жасау, – деді депутат Никита Потураев.

«Z» және «V» әріптері Украинамен соғысқа қатысқан ресейлік әскери техникаларда қолданылған. Ресейдің өзінде бұл белгілер «әскери операция» деп аталатын қолдаудың бейресми нышандарына айналды.

Қазақстан  көліктеріне латын әрпі «Z» түріндегі жапсырмаларды жапсыру фактілері бірнеше рет тіркелген. Полицейлер мұндай адамдарды әкімшілік хаттама толтырып, жазалайды.

Мәселен, дәл осындай жағдайда Ақтау қаласы тұрғынына ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» және ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы «Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» бойынша айыппұл салынды.