“Жанболаттың мінезі жайлы болса толып кететін шығармын” — Жазира Байырбекова

0

Әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде жары Жанболат туралы жазба жариялады. Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Ол өзінің сұлу мүсінін қалай сақтайтынын айтып берді.

“Қалай толып кетпей бір қалыпты жүресіз?!” дейді. Күйеуімнің арқасы. Жәкең маған 25 жылдан асса да жаңадан үйленгендей қарайды. Қалай дейсіздер ма? Мен онымен тәулігіне 24 сағат біргемін. Маған күнде “әйел қандай болу керек” деген сабақ өтеді.

“Олай істеме былай істе, мынаны ки, мынаны киме, ана жаққа бар, мына жаққа барма, мынандай әңгіме айт, мынандай әңгіме айтпа” деген сияқты ғой.

Егер өз білгеніммен жүре беретін болсам, Жәкең өте жұмсақ болса, мінезі жәйлыыы болса толып кететін шығармын.

Осындай болғаныңа рахмет,Жәкем!

Таныс жағдайма қыз-келіншектер?”, — деп оқырмандарына сұрақ қойып та үлгерді.

Желі оқырмандары: «Жәкең мықты»,»Иә осылардың арқасында адам боп жүрміз ғой»,»Ақылды ғой жездем»,»Бақытты болыңыздар»,»Осы мүсінді до конца сақтаңызшы», — деп пікір жазды.