Украина Ресейді тікелей келіссөзге шақырды

0

Украина президенті Владимир Зеленский онлайн-конференция өткізді. Ол конференция кезінде Ресей Украинаны басып алғаннан кейін келесі нысан Балтық елдері болатынын ескертті, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Зеленский Батыс елдерінен әскери көмек беруді күшейтуге өтініш білдірді. Сондай-ақ, ол Путинді қайтадан келіссөзге шақырды. Оның айтуынша, бұл – соғысты тоқтатудың бір жолы.

«Біз Ресейге шабуылдап жатқан жоқпыз, ондай ойымыз жоқ. Кремль қауіпсіздікке қатысты қандай кепілдік бере алады? Біз қазір НАТО-дамыз ба? Жоқ. Ядролық қаруымыз бар ма? Жоқ. Владимир Путин, бізден не керек саған? Жерімізден кет. Қазір кеткің келмесе, онда менімен бірге келіссөздер үстеліне отыр. Оған ашықпын. Бірақ Макронмен, Шольцпен кездескендей, 30 метр айдалада отырып жүрме. Мен сенің көршіңмін. Тістеп алмаймын. Сөйлесейік. Несіне қорқасың?» деді Владимир Зеленский.