Домой Жаңалықтар Қадыров Путиннен Украинадағы операцияны тоқтапауды сұрады

Қадыров Путиннен Украинадағы операцияны тоқтапауды сұрады

0
851

Рамзан Қадыров Ресей қарулы күштерінің Украинадағы арнайы операция кезінде керемет нәтижеге қол жеткізгенін мәлімдеді. Ол бас қолбасшыдан операцияны әрі қарай жалғастыруды сұрады, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

«Қандай жағдай болмасын арнайы операцияны тоқтатуға болмайды. Ұлтшылдардың көзін жою керек, олармен бірге бұрын Шешенстанды тастап кеткен шәйтандарды да құрту керек», — деді ол өз хабарламасында.

Шешенстан президентінің сөзінше, «шәйтандар» соғыс алаңында ештеңе жасай алмайды.

«Олар Украинаны қорғаймыз дейді. Егер олар Шешенстанды қорғағандай күресеміз десе, барлығы түсінікті. Тек Украинаның тегін нанын жеп, келесі мемлекетке қашып кетеді», — дейді Қадыров.

Сонымен қатар Қадыров арнайы операцияны әрі қарай жалғастыру керегін айтып өтті.

«Бас қолбасшы Владимир Путиннен арнайы операцияны тоқтатпауын сұраймын. Біз Украинаны тазартып, босатып жатырмыз. Ұлтшылдарды жою мақсаты іске асуда. Мен Ресей әскерилері де осындай ойда деп ойлаймын. Әскерилер менен операцияны тоқтатпауды сұрауда», — деп мәлімдеді Қадыров.

Қадыровтың сөзінше, Украинамен жүргізілген келіссөз Ресейге пайда әкелмейді және қарсы тарапқа уақыт созу үшін мүмкіндік береді.

Қанға белшесінен батқан Украина билігі біздің әділ талаптармен келіспейді», — деп қосты ол.

Рамзан Қадыров Еуропа елдерін Ресейге қарсы қарым-қатынастарын өзгертіп, өз экономикасына балта шаппауға шақырды.

«Ресеймен экономикалық қатынастарыңды бұзбаңдар. Бұл сендерге тек зиянын тигізеді. Біздің тізе бүкпейтінімізді және Ресейді жеңе алмайтындарыңды түсініңдер», — деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Рамзан Қадыров Ресейге көмектесуге дайын екенін айтқан еді. Ол Грозный орталығында 12 мың сарбаз жинаған.