Жұлдыз Әбдукәрімова балаларын неге әкесінің туған күніне жібермегенін айтты
Отандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова балаларын әкесінің туған күніне не себепті жібермегенін ашып айтты. Өнер иесі көптің көкейіндегі сұраққа жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жұлдыз Әбдікәрімова ел арасында қызу талқыланып жатқан мәселеге Instagram желісінде нүкте қойды. Ол перзенттері Мальдив аралдарына әкесімен бірге неге бармағанын түсіндірді. Өнер иесі әлемде қорқынышты жайттар болып жатқанда елді біреудің отбасындағы мәселе қызықтырып жатқаны қынжылтты. «Қайрат аға мен балаларын неге кездестірмедіңіз? Туған күнінде жабырқап отыр. Ол кісі не істесе де, әкелері ғой. Дұрыс болмады, сізді ақылды әйел деп ойлап жүрсем, қателесіппін», — деп сұрақ қойды оқырман.
«Ақылды әйел» деп ойлап жүрген ойыңызды «қателестіргенім» үшін кешіріңіз. Балаларды сабақтың үстінен жұлып алып, «Сендер екі күннен кейін қаласаңдар да, қаламасаңдар да ұшасыңдар» демегенім үшін кешіріңіз. Олардың оқуы мен қалауын таңдағаным үшін кешіріңіз. «Не істейік» деп сізбен ақылдаспағаным үшін кешіріңіз. Тағы кешірім сұрайтын не қалды өзі. Бір елдің тағдырынан, бір үйдің ыдыс-аяғы маңыздырақ деңгейге жетіппіз. Дәл осындай деңгейдегі аналар ертеңгі елге қызмет ететін ұрпақты тәрбиелеп жатыр. Ірі мен ұсақты ажырата алмаймыз. Алло, кеше өз еліміз, бүгін өзге ел халқы зұлматтың құрбаны боп жатыр», — деп жауап берді Жұлдыз.