Киев маңындағы ірі мұнай базасы өртенді (видео)

0

Украина астанасы Киев маңындағы Васильков қаласында ірі мұнай базасы өртенді, деп хабарлайды УНИАН ақпараттық агенттігі өзінің Telegram-каналында.

Басылымның мәліметінше, атыс-шабыстан кейін Киев облысында аспанда шұғыла пайда болған. Васильков мэрі Наталья Баласиновичтің айтуынша, расында жергілікті мұнай базасы өртеніп жатыр.

«Құрметті Васильков тұрғындары. Не болып жатқанын бәрін көріп отырысыздар. Өртті көрдіңіздер ме, өкінішке орай Крючтегі мұнай базасы өртеніп жатыр», — дейді ол. «Назар салыңыздар! Жел үнемі бағытын өзгертіп жатқандықтан, түтін мен зиянды қалдықтар кез келген жаққа тарауы мүмкін. Терезелеріңізді жауып отырыңыздар», — деп қосты Украинаның арнайы байланыс және ақпаратты қорғау мемлекеттік қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін ЛХР-дегі мұнай базасында жарылыс болғаны хабарланған еді.