Ресей бар қаруын қолданса, Украина аяқтан тұра ала ма?

0
3002

Осыдан біраз уақыт бұрын бір лауазымды кісі: — Сен көшке байланысты толық обстановканы білмейсің, байқап сөйлесейш дегенде,: — Мен арнайы маман немесе Мемқызметкер емеспін. Маған бәрін білу міндет емес деп жауап бергем.

Соңғы уақытта эмоцияның айдауымен Украйнаның жетістіктерін көп жазып кеттік. Дегенмен, Ресей әлі өзінің мықты қаруларының бірде— бірін соғысқа қосқан жоқ. Қысқасы барды бар деп айту керек. Шындығында, Ресейде тасада тұрып ақ тас лақтыруға болатын түрі жаман қарулар жетерлік.

Мысалы «ТОПОЛЬ М», бұл бәленің соққы беруге мүмкін радиусы 4—5 мың км. Одан мықтырақ континенталаралық деңгейде атыла алатын PC-24 «Ярс» атты баллистикалық ракеталары және бар. Ол 9 мың километрге дейін еркін ұшып, 2 км квадрат жерді әлем бетінен сызып тастай алады. Және де осы бір саладағы тағы бір жойқын қару, әлем елдерінде Сатана атымен танымал РС 28 Сармат ракеталық комплексі. Оның не істей алатынын жазбай ақ қояйын. Ертегі секілді көрініп қалар. Бұлардың қатарына ИСКАНДЕР және ТОЧКА комплекстерінде қосыңыз.
Ресейдің техникалары ескі анау— мынау деп жатырмыз ғой. Мысалы, 90 шы жылдан бері Ресей 12 түрлі қозғалмалы қырып жойғыш техника жасап шығарып, тіпті әлемге сатып үлгерген. Мысалы танкі т—14 АРМАТА. Оның мүмкіндіктері туыстарымен салыстырғанда көш ілгері.

Лада деп аталатын, өздігінен дәлденетін ракеталарға толы сүңгуір қайықтары да мен — мен деген флоттарға айтарлықтай проблема тудырары хақ. Борей мен KILO сүңгуір қайықтарының өзі бір төбе.

Ең соңғысы, 4+ дәуірінің қырып— жойғыш су 34 атты дыбыстан жылдам ұшақтары және бар. Басқалармен салыстырғанда бұл бәлені атып түсіру өте —мөте қиын.
Міне, мыналарды толық іске қосып, шабуыл жасағанда Украйна аяқта тұрса, міне сонда қуануға болады деп ойлаймын.

Бурахан Даканов