Украинадағы қазақстандықтар эвакуацияланады — СІМ

0

Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарды Украинадан эвакуациялау туралы хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Украинадағы соңғы оқиғаларға байланысты Қазақстан Республикасының Киевтегі елшілігі азаматтарды эвакуациялауды қамтамасыз етіп жатыр», — делінген СІМ хабарламасында.

Украинадағы Қазақстан азаматтары Қазақстан Республикасының елшілігіне Киев қаласы, Ильенко көшесі, 26 үй мекенжайы бойынша және «жедел желі» телефондары арқылы хабарласа алады»: +38 (067) 347 04 08 (WhatsApp, Viber), +38 (044) 483 15 96, +38 (044) 489 18 58.

СІМ ақпараты бойынша, отандастарымыз Харьков (консулдық округ Харьков, Сумы және Полтава облыстарын қамтиды), Львов (Волынск, Закарпатск, Ивано-Франковск, Ровно, Тернополь, Хмельницк, Черновец және Львов облыстары), Одесса (Николаевс, Херсон және Одесса облыстары) және Днепр (Днепропетровск облысы) қалаларында орналасқан ҚР құрметті консулдарының кеңселеріне жүгіне алады.

Сонымен қатар, ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарға +7 (7172) 72-06-06 телефоны ашылды.

Қазіргі уақытта уақытша консулдық есепте 493 адам тұр, олар елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері, студенттер мен бизнес өкілдері. Тұрақты консулдық есепте 1110 адам тұр. Қазақстан азаматтары Украинаның Киев қаласы, Киев, Одесса, Харьков және Львов облыстарында тұрады.