Киевте тұратын қазақстандықтар бар жағдайды айтып берді

0

Киевте тұратын қазақстандықтар эвакуацияға дайындалып жатыр. Бұл туралы Киев тұрғыны Әлия Тұрысбекова айтты, — деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Балалардың, өзімнің заттарымды жинап жатырмын. Қазақстан елшілігі азаматтарды эвакуациялауды жоспарлап отыр», — деді Тұрысбекова.

Оның айтуынша, қазір Киевтегі жағдай алаңдатып отыр.

«Бізде бәрі жақсы. Бірақ бәрібір қорқынышты. Бір жерде соғыс болып жатқанын есту бөлек те, таңертеңгі сағат 6-да жарылыс дауысынан ояну мүлдем басқаша сезім», — деді ол.

Бұған дейін СІМ жағдай ушықса, Қазақстан азаматтары жедел желі телефондарына хабарласа алатынын айтқан еді: +38 067 347 04 08 (WhatsApp, Viber), +38 044 483 15 96+38 044 489 18 58.

Сондай-ақ, отандастарымыз Харьков (консулдық округ Харьков, Сумы және Полтава облыстарын қамтиды), Львов (Волынская, Закарпатская, Ивано-Франковская, Ровненская, Тернопольская, Хмельницкая, Черновецкая және Львов облыстары), Одесса (Николаевская, Херсон және Одесса облыстары) және Днепр (Днепропетровск облысы) қалаларында орналасқан ҚР құрметті консулдарының кеңселеріне жүгіне алады.

Қазір уақытша консул есебінде 493 адам тұр, олар — елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері, студенттер мен бизнес өкілдері. Тұрақты консул есебінде 1110 адам тұр. Қазақстан азаматтары Украинаның Киев, Киев, Одесса, Харьков және Львов облыстарында тұрады.