Президенттің баспасөз хатшысы Ресей мен Украинадағы жағдайға қатысты ұлттық арнаға сұхбат береді

0
555

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Ресей мен Украинадағы жағдайға қатысты «Qazaqstan» ұлттық телеарнасына арнайы сұхбат береді.

Бұл туралы телеарна Facebook парақшасында хабарлады. «Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Ресей мен Украинадағы жағдайға қатысты бүгін 20:30-да «Qazaqstan» ұлттық телеарнасына арнайы сұхбат береді. Бүгін Ресей Президенті Владимир Путин Донбаста арнайы әскери операция бастағанын жариялады. Қазір екі ел арасында әскери іс-қимылдар жүріп жатыр. Осы мәселеде Қазақстанның ұстанымы қандай екенін, сондай-ақ Қаңтар оқиғасына қатысты сауалдарға жауап береді», — делінген хабарламада.