Германияда депутат Назарбаевтар әулетінің мүлкін тәркілеуді талап етті

0

Социал-демократ, Баден-Вюртемберг федералдық ландтагының депутаты Йонас Вебер (Jonas Weber) Баден-Бадендегі Қазақстанның экс-президенті әулетінің мүлкін тәркілеуге шақырды. Бұл туралы Deutsche Welle жазады, деп хабарлайды kznews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Вебер Германияның күшті демократиялы ел ретінде автократтар мен бұрынғы билеушілер үшін сенімді баспана емес екенін көрсетуі керек деп санайды.

«Бізде ғимараттарды ескерткіштерді қорғау туралы заңмен тәркілеу мүмкіндігі бар. Өйткені әңгіме тарихи жәдігерлер туралы болып тұр. Булерхей – бұл ежелгі және әйгілі дәстүрлер қалыптасқан қамал-қонақ үй. Бұл жай ғимарат емес, біз үшін өте маңызды мұра. Сондықтан, менің ойымша, керек емес адамдардың қолында болмауы керек. Міне сол себепті біз араласуымыз керек. Мұнда практикалық аспект бар. Бірнеше жылдан бері бос тұрған зәулім сарайлардың ендігі тағдырын елестетіп көріңізші», — деді Джонас Вебер сұхбатында.

Айта кетсек, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Динара Құлыбаева мен оның күйеуі Тимур Құлыбаев Германияда төрт зәулім сарайлары табылғанын жазған болатынбыз. Олар жылжымайтын мүліктерді сатып алуға жүз миллион доллардан астам қаржы салған.