Қытайлық тыңдарман Димаш Құдайбергеннің әнін қазақша орындап, әншіні таңғалдырды (видео)

0

Қытайдағы әуежайлардың бірінде бір топ фанаттар Димаш Құдайбергенге тосын-сый ұйымдастырды. Олар әншімен кездесу кезінде Димаштың «Ұмытылмас күн» әнін қазақ тілінде орындады, деп хабарлайды kznews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Болған оқиғаның үзіндісін Димаш желідегі парақшасында жариялады.

«Жастар менің әнімнің соңғы жолын қазақ тілінде айтқан кезде қатты таңғалдым», — деді Құдайберген.

Әлемнің түкпір-түкпіріндегі тыңдармандар Димаштың бар жақсылыққа лайық екенін айтып, жылы тілектерін жаудырды.

«Сен әлемдегі үздік әншісің», «Ең әдемі адам», «Аргентинадан сәлем», «Сенің арқаңда барлығымыз қазақша ән айта аламыз», — деп жазды желі қолданушылары.

Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.