Домой Жаңалықтар Қазақстанда зейнетақы өсті

Қазақстанда зейнетақы өсті

0
2115

1 ақпандағы жағдай бойынша төлемдердің орташа мөлшері 105 291 теңгені құрады, делінген Еңбек министрлігі таратқан хабарламада, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша төлемдер 99 726 теңгені құрады.

Ал ақпан айының басында зейнеткерлер саны 2 миллион 245 мыңнан астам адам болды.

2022 жылғы қаңтарда зейнетақы төлемдеріне 234,7 млрд теңгеден астам бөлінді, оның 71,3 млрд теңгесі базалық зейнетақыға, 163,4 млрд теңгесі ынтымақты зейнетақыға төленді.

2018 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әрбір алушыға оның зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ескеріле отырып, жеке тағайындалады.