Нерв ұштары
Нерв ұштары дегеніміз — нерв талшықтарының маманданған шеткі (соңғы) бөлігі (ұшы). Атқаратын қызметіне байланысты нерв ұштарының екі түрі ажыратылады: рецепторлар және эффекторлар [1,17,31].
1.3.1. Рецепторлар.
Рецепторлар — сыртқы және ішкі ортадан арнайы тітіркендіргіштерді қабылдайтын және тітіркендіргіштер энергиясын нервтік импульсқа айналдыратын сезімтал нейрондардың шеткі өсінділерінің нервтік ұштары [30,33,34] (8-сурет).
Орналасуына байланысты рецепторлардың 4 түрі ажыратылады:
- Экстероцепторлар — тері мен кілегейлі қабықтарда орналасады; олар
тактилдік (сипап сезу), температуралық және ауырсынулық тітіркендіргіштерді қабылдайды (бос нерв ұштары , Краузе колбасы, Руффинь денешігі);
- Проприоцепторлар (терең рецепторлар): бұлшықеттерде, сіңірлерде,
фасцияларда, байламдар мен буындардың капсуласында, сүйекүсті қабығы мен сүйектерде орналасады; олар салмақ, қысым, вибрация, бұлшықеттердің жағдайына байланысты (бүгу,жазу ж.т.б.) және адамның кеңістіктегі қалпын (отырғанды, тік тұрғанды, жатқанды ж.т.б.) сезінуге байланысты тітіркендіргіштерді қабылдайды (Фатер-Пачинь, Гольджь-Маццонь денешіктері);
3)Интероцепторлар: белгілі бір заттардың химиялық құрамы(хеморецепторлар),
ішкі ағзалардың толу дәрежесін сезу, ауырсыну сезімдерін, механикалық және осмотикалық қысымды (баро- және осморецепторлар қабылдайды;
Экстероцепторлар, проприоцепторлар және интероцепторлармен қабылданатын сезімдерді жалпы сезім деп атайды.
4)Маманданған рецепторлар – сезім ағзаларында орналасады: көру, есту, дәм ді сезу, иіс сезу және тепе- теңдікті сақтау сияқты арнайы тітіркендіргіштердіқабылдауға арналған рецепторлар.
Құрылысы бойынша рецепторлардың келесі түрі ажыратылады:
-бос нерв ұштары: ауырсыну импульстарын қабылдайды;
-қаптамаланған (инкапсуляцияланған) ұшы: тактилдік, температуралық және проприоцептивтік тітіркендіргіштерді қабылдайды;
-ілкі (алғашқы) сезгіш рецепторлар: көру, есту, вестибулярлық, иіс және дәм сезу тітіркендіргіштерін қабылдайды.
Тітіркендіргіштерді қабылдау жолына байланысты рецепторларды екі топқа бөледі:
- Дистанттық , яғни тітіркендіргіштерді тікелей жанасу арқылы қабылдайтын
рецепторлар (көру, есту);
2)Контактылы , яғни тітіркендіргіштерді тікелей жанасу арқылы қабылдайтан
рецепторлар (ауырғанды, температураны , дәм , иіс сезу).
Қабылданатын тітіркендіргіштердің түріне байланысты рецепторлардың екі тобын ажыратады:
1)Жалпы сезім рецепторлары – адам денесінің барлық бөлігінде орналасады және келесі тітіркендіргіштерді қабылдайды: ауырсыну, температура , проприоцептивтік сезім (тірек – қимыл аппаратының жағдайын сезіну — бүгу, жазуды,жатқанды,отырғанды ж.т.б сезіну), жанасу, сипап сезу (тактилді) және қысуды, салмақты сезіну (барорецепторлар);
1.3.2. Эффекторлар.
Эффекторлар – нерв импульстерін нейроннан жұмысшы ағазаларға өткізетін соматикалық және вегетативтік нерв жүйесінің эфференттік нейрондар аксондарының ұшы . Құрылысы және қызметі жөнінен эффекторлар синапсқа ұқсас келеді және синапс сияқты құрылымдары болады: пресинаптикалық жарғақ , синаптикалық саңылау және постсинаптикалық жарғақ [1,9,17].
Ескеретін жағдай , көлденең жолақты (қаңқалық) бұлшықеттердегі эффекторлардың құрылысы күрделі, олар моторлы құлақша түрінде болады немесе оларды нерв-бұлшықеттік синапс деп атайды.
Жұмсақ нерв талшықтары моторлы құлақшаға жақындағанда өзінің миелинді қабатын жоғалтып, терминалді талшықтарға тармақталады. Соңғылары бұлшықет талшықтарын сарколеммалық қатбарларына енеді.
Нерв- бұлшықеттік синапста – аксонның соңғы терминалдық ұшымен және бұлшықет талшығының сарколеммасының арасында, кеңдігі 10-нан 20 нм дейін жететін, синапстық саңылау болады. Нерв-бұлшықеттік синапстардыңмедиаторы-әдетте ацетилхолин болып табылады..
Нейронаралық байланыс аппараты есебінде синапс туралы атауды алғашқы енгізген-ағылшын физиологы И.Шерингтон (1850)
1.3.2.1.Синапс
Синапс (гр.sinapsis-байланыс,өзара қатыстық,қосылу,түйіс) дегеніміз-бір нейроннан екінші нейронға немесе нейроннан жұмысшы ағзағак импульстарды өткізуге арналған арнайы мамандандырылған ультрамикроскопиялық құрылым
1.Синапстың орналасуы бойынша ажыратылыды
— нейронаралық синапстар:аксосоматикалық,аксодендриттік,аксон-аксондық,дендрит-дендриттік,дендрит-соматикалық және соматика-соматикалық.
-нейрон тіндік синапстар:нерв-бұлшықеттік,нерв-секреторлық.
2.Өткізу әдісіне байланысты-нерв импульстерін химиялық,электрлік және аралас жолмен өткізетін синапстарды ажыратады.
3.Қызметі бойынша:қоздырушы және тежеуші.Кейбір нерв импульстары синапс арқылы өткенде күшейеді,(қоздырушы синапс), ал кейбіреулері синапста тоқтайды және бәсеңдейді (тежеуші синапс).
Ультрақұрылымдық деңгейде синапстардың 3 бөлігі ажыратылады (9-сурет):
- Пресинапстық бөлім — пішіні ілгек немесе құлақша тәрізді жуанданған
және онда медиаторлармен (ацетилхолинмен, норадреналинмен , гаммааминомай қышқылымен ж.т.б.) толған пресинапстық көпіршіктер орналасады. Медиаторлар нейрондардың денесінде және аксонында түзіледі.
- Синапстық саңылау — ені 5-20 нм болатын, коллоидты ерітіндіге толған кеңістік, оған нерв импульстары келген кезде медиаторлар бөлінеді.
3) Постсинапстық бөлім – нерв импульсының әрі қарай келесі бөлімге өтуін қамтамасыз ететін, бетінде хеморецепторлар (ақуыздық құрылымдар ) орналасқан постсинапстық жарғақтан тұратын бөлік. Медиаторлар хеморецепторлармен әрекеттескеннен кейін, хеморецепторлардың құрамындағы заттардың әсерімен медиаторлар жарылады (инактивацияланады): ацетилхолин — ацетилхолинэстеразамен, норадреналин — моноаминооксидазамен ж.т.тб. Медиаторлар пресинапстық мембрана арқылы кері сіңіріліп, онда қайтадан қалпына келеді.
Медиаторлардың химиялық құрамына сәйкес хеморецепторлардың келнсі негізгі түрлері болады:α-, β-адренорецепторлар; М- және Н холинорецепторлар; пуринорецепторлар; ГАМТ-рецепторлар ж.т.б.
Бір нейронның денесі мен өсінділерініде 5000-нан 10 000-ға дейін синапстар болады, олар арқылы көптеген ақпараттар қабылданады.
Қорыта айтқанда , нерв импульстарының химиялық жолмен өтуі кезекпен өтетін 4 кезеңнен тұрады :
-медиатордың синтезі;
-медиатордың пресинапстықмембранадани өтуі;
-медиатордың постсинапстық мембранадағы хеморецепторлармен әрекеттесуі;
— медиаторлардың инактивациясы (жарылуы) және қайта сіңірілуі;
Электрлік синапстар – синапстық саңылауының жіңішке болуымен және арнайы маманданған хеморрецепторлардың болмауымен сипатталады.Олар екіжақ бағытқа да (орталыққа және шетке ) нерв импульстарын синапстық тежелусіз өткізуді қамтамасыз етеді.