Рефлекстік    іс-  әрекет   туралы   жалпы  түсінік

0

«Рефлекс»   термині  алғаш  ретчех    физологы  И.Прохаскаямен   ұсынылған.  «Рефлекторлық    доға»   туралы    алғашқы  түсінікті  1850  жылы  ағылшын  физиологы  М.Холл  берген ,  ол  қоздырғыштардың   афференттік  және  эфференттік  жолдармен  таралу  заңдылықтарын   анықтады.  Орыс   физологы  И.М.Сеченов  1863  жылы  өзінің   «Ми  рефлекстері»  атты   еңбегінде   ағзалардың   және  адам  организмінің  қызметтері  рефлекстік  механизммен  реттелетіндігін   түсіндірді.   Нерв   жүйесінің   негізгі   қызметі – рефлекстік   іс-әрекет [13624637638640].

Рефлекс    дегеніміз  —  міндетті  түрде  орталық  нерв  жүйесінің  қатысуымен  жүретін ,  организмнің  сытқы  немесе  ішкі  тітіркендіргіштерге    жауап  беру   реакциясы  (13-сурет).

Рефекстің  екі  түрі   ажыратылады:

  • Шартсыз рефлекстер:  жұлын  немесе  ми  сабауы   арқылы  іске  асырылатын,

организмнің   тітіркендіргіштерге  туа  біткен    (тұқым  қуалайтын )  реакциясы   (13-сурет).

2)Шартты  рефлекстер:  жоғары   нервтік  іс-әрекеттің  негізін құрайтын,міндеті  түрде

үлкен  ми  сыңырлары     қыртысының   қатысуымен  жүретін,  туа  біткен    шартсыз    рефлекстер  негізінде  пайда  болатын  организмнің    уақытша   реакциясы .

 

1.5.  Рефлекстің    доға

Рефлекстің    морфологиялық    негізі  —   рефлекстік    доға ,  яғни  нейрондардың    қызметіне  сәйкес   бір-бірімен   қосылған  тізбегі  (11,12,13-суреттер).

Рефлекстік  доға – тітіркендіргіштерді  қабылдап, қоздыру энергиясын нервтік имьпулстарға айналдырып   (трасформациялап),    нерв  импульстарын   нерв  орталықтарына  жеткізіп, түскен  ақпаратты  өңдеп, жауап  беру  реакциясын   жүзеге  асырады.

Рефлекстік  доға- қарапайым  және  күрделі  болып  бөлінеді.

1)Қарапайым   рефлекстік  доға  2 немесе  3 бөлімнен  (нейрондардан  )  тұрады (11,12-суреттер):

а) афференттік (рецепторлық, сезімталдық) бөлім  (нейрон):

-жұлын  нервтерінің   сезімтал  түйінінде  немесе  ми  нервтерінің  сезімтал  түйінінде   орналасатын  сезімтал  нейрон  түрінде  болады (жалпы  сезімталдық  үшін  псевдоуниполярлы  клеткалар; арнайы  сезімталдық үшін биполярлы клеткалар);

-афференттік   нейрондардың  перифериялық   немесе  шеткі  өсінділері  терідегі,  кілегей  қабықтағы,  бұлшықеттегі, сүйек   қабығындағы , сезім  ағзалардағы   ж.т.б. орналасқан  рецепторлардан  басталады;

-орталық  өсінділері  (аксондары)  жұлын  мен  миға  бағытталып,  ондағы  ассоциативтік  немесе  эфференттік  нейронда  синапспен  аяқталады.

б)ассоциативтік (байланыстырғыш , қосымша ) бөлім ( нейрон ) :

-ми  мен  жұлын  деңгейінен  шықпайтын  қысқа аксонды , майда  мультиполярлы  клеткалар  түрінде болады ;

-ассоциативтік  нейрон  эфференттік  нейронмен  синапс  арқылы  байланыстырады .

в) эфференттік ( эффекторлық , қозғалтқыш )  бөлім (нейрон ) :

-жұлынның  алдынғы  мүйізінің  қозғалтқыш  ядроларында  орналасатын  ірі  мультиполярлы  клеткалар  түрінде  болады ,  яғни  эфференттік  нейронның  денесі  мен  дендриттері  орталық  нерв  жүйесінде  орналасады .

-эфференттік  нейрондардың  аксоны  орталық  нерв  жүйесінен  шығып , жұмыс   атқаратын  ағалар  тіндерінде  эффекторлық  ұшымен  аяқталады ;  бұлшықеттерде  эффекторлардың  құрылысы  моторлы  құлақша  түрінде  болабы  немесе  оларды  нерв-бұлшықеттік  синапс  деп  атайды .

2)  Күрделі  рефлекстік  доғаның  бірнеше (2,3 және  оданда  көп )  ассоциативтік  ( байланыстырғыш , қосымша )  нейрондары  болады .  Ассоциативтік  нейрондар  ақпараттарды  жинақтап ,  оларды  мидағы  интеграциялық  орталықтарға  жібереді  және  онда  түскен  ақпараттар  өңделіп  интеграцияланады .  Осыдан  кейін  жауап  беру  реакциясы  туындап  ( генерацияланып ) ,  импульс  эфференттік   ( эффекторлық )  нейрондарға  беріледі .

Осы  айтылған  жағдайларға  байланысты   интеграциялық  орталықтарды  атап  өтуге  болады :  мишық , ортаңы  ми ,  аралық  ми  және  үлкен  ми  жарты  шарының  қыртысы .

Мишық  —   тепе – теңдік  және  вестибулярлық    қызметтердің  қыртысасты  орталығы .

Ортаңы  ми  —  көру ,  есту ,  иіс  сезу  және  тактилдік  (жанасып )  сезінудің  қыртысасты  орталығы .

Аралық  ми – сезінудің  барлық  түрлерінің   қыртыс  асты  орталығы .

Үлкен  ми  жарты  шарының  қыртысы  —  кел  келген  ақпараттың   нақты  және  терең   оңделуіне   жауап  беретін ,  адамның  ойлау ,  оқу , жазу  және  есте  сақтау  қабіллеттерін  жүзеге  асыратын  ең  жоғары  интеграциялық  орталық .