«Қарттардың үйін балалары кепілге қойған»: Байырбекова банк тауып берген арзан үйден неге бас тартты
Жазира Байырбекова елімізде орын алған Ақбұлақтағы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Өз ойын астарлап жеткізген әнші халықты кепілге тұрған баспананы сатып алуда адамгершіліктен аттамауға шақырды. Ол мұндай жағдай өзінің де басынан өткенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. Жазира Байырбекова өзінің Instagram желісінде басынан кешкен оқиғасын баяндады. Әншінің айтуынша, бұдан бір жыл бұрын баспана іздеп жүріп, кепілде тұрған үй кезіктірген. «Үй іздеп жүріп банктен арзан,әрі қолайлы үй таптық. Үйден қарт кісілер шықты, сатылатынынан бейхабар екен. Қарт кісілерлердің үйін кепілдікке қойған балалары ғана біледі. Олар да мұндайға шарасыздықтан барған шығар, кім біледі. «Сатып алсаңыздар, ол үйді босатып беру — оп-оңай. Ол — заң орындаушылардың жұмысы», — деді банк қызметкерлері. Балам Қазыбек «Бізден басқа сатып алушылар келсе, бұл кісілерді далаға қуып шығатын болды-ау», — деп аяп қалды.
Пенденің шығарған заңынан бұрын, құжаттарға жазылмаған имандылық пен адамгершіліктің заңдарымен жүрсек адаспаймыз ғой, иә?!», — деп жазды ол.