Әріптестері Ерке Есмаханның аяғы ауыр деп болжады

0
Азамат Зенкаев сүйіктісі Ерке Есмаханмен бірге келе жатқан сәтін жариялап, Instagram-ға қайта оралғанын хабарлады. Ал Ерке жақында фанаттарын жағымды жаңалықпен қуантатынын жеткізді, деп жазады kznews.kz сайты.

«Қыздар, менен жақында жақсы жаңалық күтіңіздер! Не деп ойлайсыздар?» – деп жазды ол.

Оқырмандарынан бұрын, өнердегі әріптестері Еркенің сұрағына жауап беруге асықты.

Жазира Байырбекова мен Серік Ибрагимов әнші жақында сәбилі болады деп болжады.



Фанаттардың бір тобы өнер иелерімен келіссе, екінші топ «екеуі әлі үйленбеді» деп қарсы шықты.

«Тұрмысқа шығасыз», «Сырға салады», «Клип түсіресіз немесе жаңа саундтрек», «AZ-ге тұрмысқа шығасың», «Киім немесе әшекей шығарасың», «Той, той», – деп өз болжамдарын жазды оқырмандар.