«Кешью»-дің тағы бір экс-мүшесі ажыраспақшы…

0

«Құдай маған бәрін берді, бірақ, некем сәтсіз болған сияқты» деген жазбаны «Кешью» тобының бұрыңғы әншісі Элизат Берикова инстаграм желісіне жариялады.

Тұрмысқа шыққанына 3-4 жыл ғана болған, осы жылдары екі ұлды дүниеге алып келген Элизат бұл жазбасымен оқырмандарға ой тастады.

Жақында ғана әншіліктен кетем деп, сән салонын ашып, бет әрлеумен айналысып жүрген Элизатқа оқырмандары жақсы тілектерін жаудыруда. Бірі «уайымдама, бәрі жақсы болады», «Сен одан да жақсы адамға лайықсың», «әлі кеш емес, ойланыңыз» десе, бірі «осыларда хайп үшін не жасамайды» деп жазуда.