Елімізде екі мыңға жуық ауған азаматы тұрады
Қазақстан ішкі істер министрлігі елде жүрген ауған жастарының азаматтық беру туралы өтінішіне жауап берді, деп хабарлайды kznews.kz сайты Азаттық радиосына сілтеме жасап.
Тамыз ортасында Ауғанстанда билік тәліптер қолына өткен соң Қазақстанда оқып жүрген ауған жастары Нұр-Сұлтаннан азаматтық беруді сұраған. 24 тамызда Азаттыққа сұхбат берген студенттер «Ауғанстанға қайтсақ, өмірімізге қауіп төнеді. Қазақстанда тұрып, осында жұмыс істегіміз келеді» деген.
Азаттық 26 тамызда ауған жастарының өтініші бойынша ішкі істер министрлігіне сұрау салды. Дүйсенбі, 6 қыркүйекте министрлік редакцияға жауап берді.
«Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаудың бас талабы – өз елінің азаматтығынан шығу. Конституцияның 10-бабы 3-тармағына сәйкес, Республика азаматының басқа мемлекет азаматтығында болуы танылмайды. Бастапқы сатыда шетелдіктер Қазақстанда тұрақты тұру рұқсатын алу қажет» деп жазады ведомство.
Ресми жауапта, ішкі істер органдарының есебі бойынша, Қазақстанда 1115 ауған азаматы жүргені жазылған. Оның ішінде тұрақты тұру рұқсаты бар азаматтар саны – 655. Қазақстанға оқуға, жұмыс істеуге, іскерлік не басқа мақсатта келген уақытша келген 460 ауған азаматы бар.