Биыл астық тапшылығынан шаруалар шығынға батуы мүмкін (Видео)

0

Биыл шаруалар шаш етектен шығынға батуы мүмкін, деп хабарлайды kznews.kz сайты «Еуразия» телеарнасына сілтеме жасап.

Сарапшылар осы жылы астық 20 пайызға аз жиналады деген болжам жасауда. Бұл аз десеңіз, диқандардың 40 пайызы гектарынан 6 центнерден кем өнім алуы ықтимал. Құзырлы министрлік шаруаларға құрғақшылықтың құрбаны болмау үшін қандай кеңес берді?

Елімізде егін жинау науқаны қыза түсті. Тамыздан бер 8,5 млн гектар жер орылып, 7 миллион тонна астық қамбаға бастырылды. Ал, Жамбыл, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында астық жинау науқаны аяқталуға жақын. «Бәрі жақсы, бірақ ылғалдың жетіспеушілігінен жиналған астықтың көрсеткіші көңілді көншітпейді» дейді шаруалар.

«Бүгінде болжанған 15 центнердің орнына 1 гектардан 5 центнер алып жатырмыз. Тыңайтқыштарды бәрін қолдандық, бірақ ылғал жетіспеді. Мол астық аламыз деп техниканың жартысын жаңарттық. Енді оның қаржысын қайтаруда қиналатынымыз анық», – дейді шаруашылықпен айналысатын Талғат Әубәкіров

Диқаншылар нарықта тиімді баға бекітілмегенше 1 келі бидай сатылмауы мүмкін деген қауіп барын айтады. Олардың есебінше, қазіргі таңда 1 тонна бидайдың құны кем дегенде 100 мың теңгеден жоғары болу керек. Астық аз алынатындықтан келесі жылға тұқымдық бидай табылмай қала ма деген дегенн қорқыныш бар екен.